Сарыкөл ауданы Соналы мен Дудаковка арасында екі күннен бері жол жоқ

4 қаңтарда басталған қарлы боран бүгін саябырлап, басыла бастады. Сол күні Қостанайдан жолға шыққан мектепке ас таситын көлік Комсомол ауылдық округіне барып келе жатқанда Соналыдан бері қарай өте алмай, қарға батқан.

Тәгіл округінің әкімі мен ауыл адамдары қол ұшын созып, көлігін шығарып алып, ауылдағы үйлердің біріне жайғастырған. Алайда, олар әлі діттеген жерге жете алмай отыр. Себебі, Соналы мен Дудаковка арасында екі күннен бері жол жоқ.

– Соналыдан екі шақырым асқан соң жол жоқ. Сулы қар, трактордың капотымен бірдей, ұзындығы екі шақырымдай болады. Кешеден бері екі техника жұмыс істеп (К-700) , бірақ қарды тесе алмай жатыр. Бұл жағдай менің тікелей бақылауымда, – дейді Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин.
– Соналыдан екі шақырым асқаннан кейін тұрып қалдық. Адамдар келіп көмектесті, машинамен сүйреп шығарып алды. Соналыға бір үйге орналастырды. Біз тоқтаған үй өте жақсы кісілер екен. Жағдайымызды жасап, асты-түстімізге түсіп жатыр. Кешеде жол ашылған жоқ. Бүгін жол ашылады деп үміттенеміз. Тезірек үйімізге жетіп алсақ екен, – дейді жолда қалған жолаушылардың бірі.

Жалпы, осы күндері Сарыкөл ауданы бойынша 7 адам құтқарылды. Оларды құтқару жұмыстарына 1 техника мен 3 адам жұмылдырылды.
– Біз үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізіп, ауа райының қолайсыз күндері тұрғындарға жолға шықпауды ескертеміз. Бірақ, біздің ескертулерімізге құлақ аспай, боран күндері жолға шығып кететіндер аз емес. Мысалы, кеше құтақарған 7 адам балықшылар, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Сүлеймен Өмірсерік.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Тәгіл ауылдық округінің әкімі ұсынды

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.