Сарыкөл ауданы әкімдігінде онлайн есеп беру жиыны өтті
Аудан әкімі Амантай Балғарин аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есеп беру жиынын пандемияға байланысты ZOOM режимінде өткізді
Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихатының хатшысы және аудаңдық мәслихатының депутаттары, ауылдық округтер, ауылдар және Сарыкөл кентінің әкімдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, «Сарыкөл» газетінің редакторы қатысты.
Күн тәртібінде Сарыкөл ауданының ағымдағы жылдың 6 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері баяндалды.
Амантай Кәкімбекұлының есебін тыңдаған депутаттар бірауыздан қолдау көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров