Сарыкөл ауданы бойынша астық жинау науқаны осы айдың алғашқы онкүндігінде басталды

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 18 тамыздағы жағдай бойынша 16,6 мың гектар алқаптың дәнді және бұршақ дақылдары орылды

Бүгінгі таңда 240,4 мың гектар алқап арамшөптерге химиялық өңдеу, 46,4 мың гектар алқапта буларды тазарту, 59,7 мың гектар алқапта зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу және 30,3 мың гектар алқапқа ауруларға қарсы химиялық өңдеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы 1 634 тонна элиталық тұқым және 1 репродукция алу жоспарымен барлығы 3,632 тонна сатып алынды. Оның ішінде 2,500 тонна элиталық тұқым және 1 132 тонна 1 репродукция. Сорттық жаңару пайызы 10,0% құрады.

Айта кету керек, ауданда минералды тыңайтқыштарды сатып алу және қолдану көлемі жыл сайын артып келеді. 2016 жылы – 128 тонна, 2017 жылы – 473,1 тонна, 2018 жылы – 1087 тонна, 2019 жылы – 3960 тонна тыңайтқыштар. Ал, биыл аудандық ауылшаруашылық кәсіпорны минералды тыңайтқыштарды 6632 тонна сатып алды (2019 жылмен салыстырғанда 1,6 есе өскен), 9 065 тонна көлеміне келісімшарттар жасалды.

Дала жұмыстарын жүргізу үшін осы жылы ауданның 20 шаруа қожалығы жалпы сомасы 160,7 млн. теңгеге қаржыландырылды. Есепті кезеңде аудан шаруашылықтары: 17 трактор, 6 тұқым себу кешені, 11 комбайн сатып алды. Ағымдағы жылы ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту пайызы 6% құрады, жоспар 4% құрады.

Жалпы, ауданда егін жинау науқанына 572 дана комбайн қатысады, оның ішінде 121 бірліктің өнімділігі жоғары. 550 трактор, 205 ору орағы, 150 жүк көлігі, 785 трактор тіркемесі және басқа да жабдықтар бар.

Олай болса, ауа райы қолайлы болып, аудан дихандарына жиын-терімді шашпай-төкпей жинап алуларын тілейміз!

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.