Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығында семинар-тренинг өтті
«Тіл мектебі латын қарпіндегі қазақ тілін оқыту» атты тақырыпты қамтыған іс-шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққабағдар: руханижаңғыру» атты бағдарламалықмақаласындаайтылғанқазақтілінлатынәліпбиінебіртіндепкөшіружобасы аясында ұйымдастырылды.
Оған «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «ДИС» еріктілер орталығы» ЖҚБ мұрындық болып, аудандық мекемеқызметкерлері, мұғалімдер, хатшылар және тағы басқалар қатысты.
Семинардың кіріспесәтінде аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұрмұхамед Серікбаев латын қарпіне көшу жобасына жалпылама шолу жасады. Ал, негізгі бөлімде нақты емле бойынша қатысушыларға түсіндіріліп, латын қарпіне көшудің артықшылықтары мен төл дыбыстарымыздың таңбалануы жайында ақпаратберілді. Сондай-ақ, тәжірибелік бөлімде қатысушылар жиған білімдерін ортаға салып, берілген тапсырманы орындау барысында оны қолдана білді.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31