Сарыкөл аудандық өнер мектебінің директоры тағайындалды
“Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте Сарыкөл ауданы әкімдігінің “Өнер мектебі” МКҚК директоры болып Сұлтанова Әсел Серікқызы тағайындалды.
Әсел Серікқызы 1979 жылы 22 маусымда Қостанай облысы Урицкий ауданының Урицкий кентінде дүниеге келген. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын (қазіргі Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті) “Музыкалық білім бакалавры” мамандығы бойынша бітірген. Балаларға қосымша білім беру саласында және мамандығы бойынша үлкен тәжірибесі бар.
“Өнер мектебінің” түлегі. Институтты бітіргеннен кейін туған мектебінің қабырғасына 1999 жылы домбыра сыныбында оқытушы болып оралды.
2012 жылдан Сарыкөл ауданы әкімдігінің “Өнер мектебі” МКҚК директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
Назначен директор школы искусств Сарыкольского района
Приказом отдела образования акимата Сарыкольского района 1 сентября 2020 года директором ГККП “Школа искусств” акимата Сарыкольского района назначена Султанова Асель Сериковна.
Асель Сериковна родилась 22 июня 1979 года в поселке Урицкий Урицкого района Кустанайской области.
Закончила Костанайский Государственный Педагогический Институт (ныне Костанайский региональный университет им. А. Байтурсынова) по специальности “бакалавр музыкального образования”.
Имеет большой опыт в сфере дополнительного образования детей и по специальности.
Является выпускницей школы искусств. После окончания института вернулась в стены родной школы в 1999 году преподавателем по классу домбры.
В 2012 году назначена заместителем директора по учебной части ГККП “Школа искусств” акимата Сарыкольского района.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31