Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы күн

Бүгінде аудан бойынша екі ҰОС ардагері мен 81 тыл еңбеккері тұрады

9 мамырда Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Сұм сұрапыл жылдары сарыкөлдіктердің де жеңіске қосқан үлесі зор.

Тарихи дерекке сүйенсек, Кеңес әскері қатарына 3 мың 500 жерлесіміз шақырылып, олардың жартысынан астамы қайтып келмеді. Ал, Қостанай облысы бойынша 73 мыңнан астам адам кеудесін оққа тосса, соның жартысынан астамы жеңіспен оралды. Сондай-ақ, еліміз бойынша 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылса, оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.

Жалпы, 1941 жылдың 22 маусымында фашист әскерлері Кеңес Одағына ашқан соғысқа әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде біздің жерлестеріміз де бар.
Айталық, Евтушенко Андрей Петрович биыл 95 жасқа толды. Сарыкөл кентінде тұрады. 1944 жылдың 10 наурызында әскерге шақырылған. Ол ІІІ Балтық майданындағы 123 атқыштар полкінде шайқасты. Новгород, Псков, Рига қалаларын азат етуге атсалысты. Соғыстан кейін Урицкий АІІБ қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының ардагері және ІІМ ардагері.

Андрей Петрович Евтушенко «Отан соғысы үшін» орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуковтың «Еңбек ардагері» медальдары және басқа да марапаттары бар.

Ал, Лесной ауылының тұрғыны Мухачев Василий Петрович болса, 93 жаста. 1943 жылдың қазан айында әскерге шақырылған. Ұлы Отан соғысынан кейін де ол үшін соғыс жалғасты. 341-атқыштар полкінің құрамында болып, Жапониямен соғысқа қатысты. Бірақ, бес жыл өткен соң ғана сержант Мухачев босатылып, өз еліне оралды. 1959 жылы ол Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді дамыту үшін келді, трактор бригадасының бригадирі болды.

Василий Петрович жауынгер ретінде 2 дәрежелі «Отан соғысы үшін» орденімен, «Жапониядағы Жеңіс үшін» медалімен және «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

Майдангерлердің мерекесі мен туған күндерінде аудан әкімі Амантай Балғарин бастаған билік өкілдері барып, құрмет көрсетеді. Айтпақшы, қос ардагеріміз де биыл мемлекет тарапынан мерейтойлық миллион теңге алып, қуанышқа кенеліп отыр.

Иә, миллиондаған солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың бірі ретінде тарихта қалды. Қазір біз 9 мамырды сол соғысты бастан кешкендерді еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілікті аманат ету күні рентінде қарсы алуымыз керек. Себебі, жылдар өткен сайын қатарымызда балалары мен немерелерінің болашағы үшін ұшқан оққа кеудесін тосқан ардагерлер саны азайып бара жатыр…

…Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының ішкі жолдары жаңарды

Ауылды дамыту – бүгінгі күннің басты мақсаты (далее…)

5 дней ago

Сенат депутаттарының Сарыкөлге сапары

Басты мақсат – күрделі мәселелермен күрес (далее…)

6 дней ago

Сарыкөл ауданында көше жолдары жөнделді

Жөндеу жұмыстары "Мелоян" жеке кәсіпкерлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылды (далее…)

1 неделя ago

Село Маяк в Сарыкольском районе полностью обеспечено централизованным водоснабжением

Проект был реализован в кратчайшие сроки благодаря слаженной работе местных исполнительных органов и подрядных организаций.…

4 недели ago

В Сарыкольском районе продолжается проект по содействию лицам, состоящим на учете в службе пробации

Встреча с подучетными началась с выступления Жасгуль Тогжановой, юриста и представителя общественного фонда «Жанашыр бол».…

4 недели ago

Финансирование на ремонт дорог в Костанайской области выросло на 40 процентов в сравнении с 2024 годом

Об этом аким области рассказал во время посещения ТОО «СарыкольДорСтрой». (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.