Айдарбек Сапаров сарыкөлдік аграрлармен кездесті

Бүгін Сарыкөл ауданына арнайы жұмыс бабымен ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сейпiлұлы Сапаров келді.

Мәртебелі мейман өңірдегі сапарын Тәгіл ауылдық округіндегі «Сатаев Б.К» ШҚ егіс алқабы жұмысымен танысудан бастады.

Содан соң Сарыкөл кентіндегі «Мелитопольское» ЖШС-нің бүгінгі жағдайын біліп, онда бір топ ауданның белгілі кәсіпкерлерімен кездесіп, көкейкесті сауалдарына жауап берді. Бұдан кейін Маяк ауылына ат басын бұрып, «Олжа Арыстан ПК» ЖШС № 9 алқабын қарады. Сонымен қатар, сол серіктестіктің химиялық ерітінділер мен минералды тыңайтқыштар дайындайтын орталық алаңына және № 24 егіс алқабына барды.

Айдарбек Сейпілұлы ауыл шаруашылығына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, мал шаруашылығын дамыту жайында айта келе, сарыкөлдік кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Сапар жұмысына Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, облыстық ауыл шаруашылығы және және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов және аудан әкімі Амантай Балғарин қатысты.

Толығарық «Сарыкөл» газетінің алдағы нөмірінен және осы сайттан оқи аласыздар.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.