Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан 2021-жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады. Өздеріңіз жақсы білетіндей, бұл жыл ауданымыз үшін ғана емес, еліміз үшін де өте ауыр жыл болды. Шын мәнінде, бүкіл әлем үшін сынақ кезеңі болды деп айтуға болады.
Әлемді шарпыған коронавирус індеті, пандемия, карантин талаптарын сақтау шаралары бізді көп нәрсеге үйретті.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бірлік пен берекеміз арта түсті. Жаңа індет жағамыздан алған қиын сәтте қайыспай, қайта мойнымыздағы жауапкершіліктің жүгі ауырлай түсті. Қолдан келгенше жаңа жетістіктер мен толайым табыстарға ұмтылдық. Әсіресе, экономикада еңселі биіктерді еңсердік. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артты. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал және егін шаруашылықтарында жемісті жұмыс жүрді.
Әлеуметтік салаға да қатысты жаңалықтар жұртышылықты қуантты. Яғни, Тәгіл, Комсомол орта мектептері күрделі жөндеуден өтті. Өнер және спорт мектебі, аудандық ауруханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сорочин ауылдық округінде ауыз су нысаны пайдалануға берілді. Жол жөндеу, инженерлік-инфрақұрылым бағытында атқарылған жұмыстар да нәтижелі болды. Сарыкөл кентінің Набережный көшесіне жаңадан тас жол төселсе, ал Абай, Тәтіқара Жырау және Әлібек Батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, 7 көшеге 100-ден астам жарықшам орнатылды.
Тағы бір ерекше атап өтетін жәйт, биылғы жылғы көп қиыншылыққа қарамастан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі гектарына 14,5 центнерге жетті. Осылайша, Сарыкөл ауданы Қостанай облысы бойынша ең жоғары астық шығымдылығын көрсетті.
«Бәрін айт та бірін айт» – демекші, бүтін бір ауылды сақтап, ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, ұшқыш Марат Едігеевке бюст ескерткіш қойылды.
Жалпы, Сарыкөл ауданының бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Қымбатты жерлестер!
Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін жыл ретінде асыға күтеміз. Сондықтан, келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк.
Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!
Қасиетті Сарыкөл елінің құты мен ырызығы арта берсін!
Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!
Аудан әкімі Амантай БАЛҒАРИН
Уважаемые жители района!
От всего сердца поздравляю вас с наступающим 2021 годом!
Еще один год уходит в недра истории. Как вы хорошо знаете, нынешний год был очень тяжелым не только для нашего района, но и для всей страны. Фактически, можно сказать, что это был испытательный период для всего мира.
Эпидемия коронавируса научила нас многому.
Как сказал Президент РК Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, еще больше укрепились наше единство и благополучие. В связи с возникновением новой болезни, мы не сломились в трудную минуту, а вновь взяли на себя груз ответственности. Стремились к новой цели и достижениям . Особенно в экономике, где мы преодолели большие высоты. В частности, увеличился объем промышленной продукции. В результате государственной поддержки была проведена плодотворная работа в животноводческом и растениеводческом хозяйствах.
Результаты, касающиеся и социальной сферы, порадовали общественность. На сегодня капитально отремонтированы Тагильская и Комсомольская средние школы, завершился текущий ремонт школы искусств, спортивной школы и районной больницы. В Сорочинском сельском округе был введен в эксплуатацию объект питьевой воды. Работы по ремонту дорог, инженерно – инфраструктурному направлению также были результативными.
В поселке Сарыколь на улице Набережная проложена новая трасса, а на улицах Абая, Татикара Жырау и Алибек Батыра проведен средний ремонт дорожного полотна. Кроме того, на 7-ми улицах райцентра установлено свыше 100 фонарей. Что касается урожайности зерновых и зернобобовых культур, то несмотря на большие трудности, урожайность достигла 14,5 центнера с гектара.
Сарыкольский район показал самый высокий урожай зерна по Костанайской области.
Еще одним важным событием стало установление бюста нашему земляку, герою-летчику Марату Едигееву, героически погибшему, спасая тысячи жизней жителей сел.
Надо отметить, что в достижениях района каждый из вас имеет свою долю. Поэтому я благодарен всем за ваш созидательный труд и чуткое отношение к стране.
Дорогие земляки!
Определяя наши будущие ориентиры и цели, мы с нетерпением ждем от нового года радости, добра, позитивных открытий. Поэтому пусть в предстоящем году исполнятся все ожидания и пожелания.
В новом году желаю вам добра и здоровья, благополучия в каждом доме!
Пусть постамент независимого Казахстана всегда будет крепким и высоко развивается наш флаг!
Пусть растет и процветает наш родной сарыкольский край!
С Новым годом!
Аким района Амантай БАЛГАРИН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31