Құрбан айттың алғашқы күні Сарыкөл ауданының мешітінде үш қара мал құрбандыққа шалынып, еті түгелдей үлестірілді
Бүгін, қасиетті жұма күнімен қатар келген қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні «Аққозы қажы» аудандық мешітінің маңында бірден үш қара мал құрбандыққа шалынып, олардың еті аудандық ауруханаға, жағдайы төмен жоқ-жітіктерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға түгелдей таратылды.
Ұлық мерекеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясына сарыкөлдік қайырымды жандар белсенді атсалысуда. Яғни, алғашқы болып, бұл шараны аудан басшысы бастап, қол астындағы қызметкерлері қостады.
-1 малды аудандық ауруханаға, екіншісін жағдайы жоқ, көп балалы отбасыларға (30 отбасы) және үшіншісін мүмкіндігі шектеулі жандарға (26 адам) үлестірдік. Бұл шара айттың басқа күндері де жалғасын табады деген үміттеміз. Қасиетті Құрбан айтта құрбан шалып, тілек тілеген кісілердің Алла Тағала ниеттерін қабыл етсін! Елімізден індет тезірек жоғалып, ауырып жатқандар сауығып кетсін, – дейді бас имам Нұрбол қажы Балахметов.
Сонымен қатар, Құрбан айттың құрметіне жамағаттың, демеушілердің көмегімен үш балаға велосипед және 40-қа жуық балаға «Айттық» қоржындары (тәтті сыйлықтар) табысталды.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31