«Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!»
Бүгін осындай атаумен Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде өңірлік байқау өтті.
Яғни, ұрпақ жалғастырушысы, әулеттің ырысы, құт-берекесі, ұлт болашағының ұйытқысы – келіндер сынға түсті. Олардың бәрі де бір-бір үйдің «Үздік келіні» деген атаққа лайық жандар екенін айта кеткен жөн.
Сайыс таныстыру, көрме, шығармашылық туынды және салт-дәстүр секілді кезеңдерден тұрды.
Нәтижесінде, 1-орынды Маяк ауылынан келген Гүлнар Танибаева жеңіп алса, 2-орынды Тәгіл ауылдық округінен арнайы қатысқан Роза Ерденова еншілеп, ал 3-орынды Веселоподол ауылының атынан шыққан Әлия Күзембаева місе тұтты.
Жүлдегерлер мен қатысушылар осы байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан мадақтама қағаздары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31