Отансүйгіштік пен елжандылыққа баулу

Сарыкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі республикалық науқан аясында іс-шара ұйымдастырды

Басты мақсат – ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасын орындау, сонымен бірге армияның беделін көтеру, мерзімді әскери қызметті өтеудің оң келбетін құру және 2019 жылғы күзгі шақыру шеңберінде «Ел тірегі – 2019» республикалық науқанын өткізу болды.

Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде өткен «Әскерге шақырушылар күні» деп аталған дәстүрлі шара барысында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор Қайыржан Атаев құттықтау сөз сөйлеп, мерзімді әскери қызмет, Отан алдындағы әсери борышын өтеп жүрген сарыкөлдіктер туралы айтты.

Жалпы, әскерге барушылар мен шараға қатысушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақырды.
Сондай-ақ, әскерге шақырушыларды колледждің бастапқы әскери даярлық пәнінің тәлімгері Виктор Усенко құттықтап, оларға мандат табыс етті.

Одан әрімен Отан алдындағы борыштарын өтеп келген Алишер Шуканов пен Юра Дьяченко ортаға шығып, әскерде бәрі жақсы екендігін мақтаныш сезімімен жеткізіп, өздерінің абыроймен оралғандарын айтты.

Ал, «Мақтанышпен қызмет ет, сарбаз!» атты колледж ұжымы ұйымдастырған шара барысында колледж студенттері ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Жалпы, әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Өйткені, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш.

Сондықтан, әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.