Onlainda bol жобасы аясында онлайн курстар өтіп жатыр
Бұл туралы Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығы хабарлады
«Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбына арналған шараны «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы «ҚР Мәдениет және спорт» министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Тіл саясаты» комитетімен бірлесе ұйымдастырып отыр.
13 сәуірде басталған республикалық курс 17 сәуірге дейін жалғасады. Онда тіл саясатына байланысты бірқатар келелі мәселелер көтерілуде.
– Курстар барысында біз жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұрақтардың жауабын алудамыз. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысудамыз, – дейді аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұрмұхамед Серікбаев.
Жалпы, тіл маманының айтуынша, онлайн курс тақырыбына сай ғалымдар, тіл басқармалары басшылары, қызметкерлері, облыстық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері мен тіл мамандары осы тақырыпта білімдерін шыңдап, жетілдіру үстінде.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31