Өнердің майталманы Сұлтан Қожагелдінің «Сағындырған әндер-ай!» атты жеке ән кеші онлайн форматта өтті

Аудан өнерпазы Сұлтан Сарбасұлы індеттен еңсесі басылған елдің көңілін көтеріп, рухани күш сыйлау үшін өнерін ортаға салды.

Сұлтан Сарбасұлы, Сарыкөлдің мақтанышы, мәдениет саласының майталманы, ел сылаған тұлға, талантты музыкант, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты. Аудандағы мәдениет саласының дамуына, өнердің өрге жүзуіне, жастардың осы жолда биік белестерді бағындыруына еңбегі зор. Көптен бері осы салада қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан маманды мақалаға арқау еткенді жөн көрдік. Сұлтан ағамыз өнер саласына қалай келді? Осыдан бастайық. Сұлтан ағамыз, өнер жолын Сарыкөлдің мәдениет үйінде бастаған болатын.

Содан кейін Ырыстомар ауылына ауысып, сонда мәдениет үйінің директоры болып орналасты. Онда 3 жыл еңбек етіп, Ленинград селосында, мәдени клубтың директоры болып абыройлы жұмыс атқарып, содан соң он бес жыл бойы мәдениет ұйымдастырушы болып, Островной ауылында жұмыс істеді. Ал, қазіргі уақытта өнер мектебінде гитара пәнінен сабақ береді. – «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» – демекші, бала кезден өнерге жақын өстім. Сонымен қатар өнерге деген махаббаты маған үлкен әпкем Сара үйреткен еді. 3 сыныпта өнер метебіне бара бастдым.

Оқуды бітіре сала қалаға кеттім. Сонда оқуға түсіп, сонда болашақ жұбайыммен танысқан болатынмын. Студент болып отбасы құрдық. Оқуды бітіргеннен кейін, Сарыкөлге оралдық, – дейді кейіпкеріміз. Еске сала кетсек, бірнеше жылдар бойы Қожагелді отбасы, өздерінің дара өнерінің арқасында отбасылық ансабль ұжымы болып, сарыкөлдіктердің арасында да құрметке ие бола алды. Сол уақыттан бері алып ауылымыздың тыныс-тіршілігіне етене араласып, мәдени дамуына үлес қосып келеді. Музыканттар сабақтастығы Сұлтан мен Гүлжан Қожагелдінің шаңырақ құрғанына 36 жыл толды.

Төрт бала тәрбиелеп, оларды жеткізіп қана қоймай, қалың көпшілікті өнерімен сусындатып жүрген жұптың артындағы ұрпағы да, «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, үлкен қызы Әсия, өмірін музыкамен байланыстырған екен. Қазіргі уақытта өнер мектебінде мұғалім. Одан кейінгі балалары Айнұр мен Ботагөз де бір-бір шаңырақтың түтінін түтеткен отанасы. Ал, кіші қызы Әсем қазіргі уақытта Қарағанды медициналық университетінде оқып жүр. Негізі, отбасы деген сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез-келген зиялы қоғамның діңгегі.

Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» – дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында атаананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасының негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ер жетеді. Ал әке болса, әркімнің сүйенер тіреуі. Сұлтан Сарбасұлы, отбасында сыйлы жар, өнегелі әке. Немерелерінің асқар таудай атасы деп айтсақ артық болмас.

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.