Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні

Бүгінгі таңда аудан бойынша өте танымал және құрметті дәрігер Ғайни Шойынтайқызы отыз бес жылдан астам уақыт бойы акушер-гинеколог болып жұмыс істеуде.

Бір қызығы, осы уақыт ішінде мыңдаған келіншекке ана бақытын сыйлап, осынша баланың кіндік шешесі атанған. Қарағанды медициналық институтын бітірген ол Тәгіл ауылынан еңбек жолын бастаған.

Аудандық орталық ауруханасының ең тәжірибелі, ең жоғары санатты дәрігерінің бірі Ғайни Шойынтайқызы өзінің өте жауапты, ең асыл кәсібіне адал болып келеді. Кәсібилікпен қатар адами қасиеттерді де алдынғы орынға қояды. Ол өз ісінің маманы ретінде талай мәрте лауазымды марапаттарға ие болды.

-Тоқсаныншы жылдары, жарық болмаған қиын кездері аналарды керосин шамымен босандырдық. Бұл сала күш-қайратты, асқан жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, ең қажетті мамандық дер едім, себебі дүниеге сәбидің келуіне себепші болады. Акушер – анаға қуаныш сыйлап, сәбидің кіндігін кесіп, жарқын болашағына алғашқы тілек айтатын маман. Одан бөлек біздің жанымызда бізге көмектесетін мамандар болады, – дейді ол.

Бүгінде жастарға үлгі болып, оларды еңбекке баулып, үйретуден еш жалықпайтын ол «елдің ыстық ықыласы, ақ алғысы жұмысқа деген жауапкершілікті, қызығушылықты одан сайын арттырады” – дейді.

-Шыны керек, бала шыр етіп, жарық дүние есігін ашқан сәтте бойыңды қуаныш кернейді. Адамнан адам шығу оңай емес. Әрбір ана тар құрсағын кеңейтіп, бала шыққан сәтте қиналады. Бала босанған соң алғыстарын жаудырып жатады. Шынымды айтсам, сол сәтте ананың, баланың көзіне қарасаң, үлкен сенім мен ризашылықты, қуанышты байқайсың. Өзіңді ең бақытты адам сезінесің. Біз ондай сәтте анасына да, баласына да «Бәрекелді, жарайсың!» деп айтамыз. Әсіресе бала шыр етіп дауысы шыққанда өмірге тағы бір адам келді деп ерекше қуанасың, – дейді тәжірибелі дәрігер Ғайни Өтенова.

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы аудан бойынша 160-қа жуық сәби дүниеге келсе, соның ішінде үшеуі егіздер. Босанған келіншектердің ең жасы 16-да, ал ең үлкені – 45 жаста. Жетінші баласын босанған аналар да бар.

Жалпы, медицина саласының мамандары қандай мəртебеге, марапатқа болсын əбден лайық. Соған сəйкес құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.