Өмірге үміт сыйлайық!

Жаһанды жаулаған жұқпалы індет елімізде де күн өткен сайын күшейіп, науқастар мен қайтыс болғандардың саны көбейіп келеді

Осы ауыр кеселмен күресіп жатқан еліміздегі медициналық мекемелерге желдеткіш құралдарын (ИВЛ) алу мақсатында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет қоры» «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастаған болатын.

Бұл науқанды бірауыздан қолдап, науқас жандарға қиын сәтте демеу көрсету үшін Сарыкөл ауданы мен Тимиряз ауылындағы мешіттер, олардың демеушілері және жамағаты біркісідей атсалысып жатыр.

21 шілде күні ауданымыздың бас имамы Нұрбол қажы Балахметов пен Тимиряз ауылының имамы Айбек Ахметжановтар «Омар ата» мешітінің атынан Омар ата әулетінің демеушілігімен жалпы соммасы 500 мың теңгеге сатып алынған желдеткіш құралы мен медициналық жабдықтарды ( 1 концентратор, 10 оттегі баллонын, 2 импульстік оксиметр, аспирациялық сұйықтықты кетіруге арналған хирургиялық сорғыш пен 25 жиынтық төсек-орын және т.б) аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Аманжол Сейлханға табыстады.

– «Өмірге үміт сыйла» акциясына еліміздегі барлық мешіттер атсалысып жатыр. Осы орайда қолдау көрсетіп жатқан кісілерге алғысымыз шексіз. Алдағы күндері мешіт жамағаты атынан тағы бір өкпені жасанды желдеткіш құрылғысын ауруханаға алып береміз. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлер мен жомарт жандарды осынау шараға үлес қосуға шақырамыз! – дейді бас имам Нұрбол қажы Исламұлы.

Кездесу кезінде аудандық аурухананың бас дәрігері Сарыкөл ауданындағы эпидемиялық жағдай туралы айтып берді. Аманжол Сейілхановтың мәліметінше 1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін уақытша ауруханаға 74 адам жүгінген. Оның барлығына пневмония диагнозы қойылған.

– Жас ерекшелігі әртүрлі. Бүгін жас адам түсті. Бірақ, негізінен үлкен адамдар – қарт адамдар. Ал, дәрі-дәрмектерге келетін болсақ, емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер бар. Өкпені жасанды желдететін үш желдеткіш бар. Тағы да алып беруге асығып жатқан демеушілер баршылық.

Осы сәтті пайдалана отырып, «АБЗ плюс» ЖШС басшысы Меңдібай Омаровқа, Тимиряз ауылы шаруа қожалығының басшысы Сергей Аникинге, қостанайлық Талғат Есхановқа және аудандық мешіттерге көрсетіп жатқан қамқорлықтары үшін шын жүректен алғыс айтамын, – дейді Аманжол Қапашұлы.

Қазіргі таңда Сарыкөл аудандық ауруханасында уақытша емдеу негізінде 20 төсек-орын орналастырылған. Мұнда екі дәрігер, 4 медбике және 2 медбике 12 сағаттық ауысымда жұмыс істейді. Біз барған күні, яғни 21 шілдеде 24 адам емделіп жатты.

Жалпы, «Көп түкірсе – көл» – дейді қазақта. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – демекші, осы шараға жаппай атсалыссақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Олай болса, Алла Тағала ел-жұртымызды, әлемді осы жұқпалы індеттен сақтап, денімізге саулық, басымызға бақ-береке жаудыра бергей!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.