«Өмірге үміт сыйла!»

Осынау акция аясында аудандық орталық ауруханаға тыныс алу құрылғылары сатып алынуда

24 шілде күні «Олжа Агро» ЖШС-нің өңіраралық директоры Нұрсұлтан Тұрсынов өкпені жасанды желдететін екі құрылғыны бас дәрігер Аманжол Сейлханға табыстады.

-«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – деген бар ғой қазақта. Міне, мынау аппараттарды біз бірігіп, алып келдік. Алдынғы қатарда жүрген ақ халатты абзал жандар, Сіздерге, науқастардың ем-домдарына жеңіл болсын деген ниет біздікі. Ауырып жатқандарға Алла шипасын нәсіп етсін! Ал, Сіздерге күш-қуат берсін! – деп жүрекжарды лебізін жеткізді Нұрсұлтан Тұрарұлы.

Олармен бірге ауданымыздың бас имамы Нұрбол қажы Балахметов та болып, Алла разылығы үшін игі іске ұйытқы болған демеушілер мен жомарт жандарға өз ризашылығын білдірді.

-Жалпы, бұл шара ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынды. Сарыкөлдегі бүгінгі сауапты іске Қостанай облысының өкіл имамы Бақытбек қажы Тәжімбеттің де қосқан үлесі зор. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғысымыз шексіз, – дейді бас имам Нұрбол қажы Исламұлы.

Акция аясында қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып, аппарат алып келген жомарт жандарға бас дәрігер де өз алғысын айтты.

– Қиын сәтте науқас жандарға, бізге демеу көрсетіп, осындай құрылғыны сатып алып, сыйға беріп жатқан «Олжа Агро» ЖШС-нің ұжымына зор алғыс білдіреміз. Бүгінде ауруханамызда өкпені жасанды желдететін 5 құрылғы болды. Олардың мұнда емделіп жатқан науқастарға үлкен септігі тиіп жатыр. Құрылғылардың саны неғұрлым көбейе берсе, бізге де ауруды жеңу соғырлым жеңілдей түседі, – дейді бас дәрігер Аманжол Қапашұлы.

Айта кеткен жөн, мұндай сауапты істі «Олжа Агро» ЖШС тек Сарыкөл ауданында емес, Қостанай облысы бойынша ұйымдастырды. Өкпені жасанды желдететін құрылғыларды қажет еткен барлық өңірлерге таратып жатыр. Осы сияқты сауапты істер алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Олай болса, қолы ашық, жүрегі кең осындай азаматтарға Алла Тағала дендеріне саулық, еңбектеріне табыс берсін дейміз! Аурып жатқандар тезірек жазылып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.