Майдангердің қайтқанына – 20 жыл

Отан үшін кеудесін оққа тосқан

Біздің жерлесіміз Ғаббас Рамазанов Ұлы Отан соғысында жаумен шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосқан жан.

Ғаббас Рамазанұлы 1924 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы Урицкий ауданы Қарашілік ауылында дүниеге келген. Білімі орта арнаулы, мал дәрігері мамандығын меңгерген.

1942 жылдың қазан айында әскерге шақырылып, Красноколмский әскери-жаяу әскер училищесінің курсанты ретінде жіберілді. 1943 жылдың сәуірінен маусымына дейін Белгород бағытында 2 батальон мен 1 компаниядан құралған отряд командирі болып, Курск доғасында соғысты. Алайда, 1943 жылдың шілдесінде жараланып, Орынбор қаласына әскери госпитальге жіберілді.

Оның соғыстағы жүріп өткен жолы, ерлігі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Бұған «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Әскери еңбегі үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың», «2 дәрежелі Отан соғысы ордені» және алты мерейтойлық медальдары мен марапаттары дәлел бола алады.

Ал, енді Ғаббас Рамазанұлының соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі өмір жолына тоқталатын болсақ, ол 1941 жылдың шілдесінен бастап, Горький колхозындағы Севастополь МТС оқу отрядын басқарды. 1944 жылдың наурыз айынан бастап Урицкий РОНКВД инспекциясының бастығы, Урицкий РОМ арнайы комендантының коменданты, Убаганский РОМ-ның аға комиссары, Урицкий РОМ-ның аға комиссары болды. Ал, 1967 жылдың ақпанынан 1970 жылдың қарашасына дейін Урицкий аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымында істеді. Сондай-ақ, Урицкий май зауытының директоры болды. 1972 жылдың қарашасынан зейнеткерлікке шыққанға дейін (1988) Урицкий атындағы ДМУ-10 кадрлар бөлімінің инспекторы ретінде істеді.

Еңбектегі жемісі үшін «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

Ғаббас Рамазанұлы жұбайы Сания Ахметқызымен бірге Қапыш, Рым (қайтты), Қайырбек (қайтты), Гүлнар, Гүлдайра және Жансұлтан деген балаларды өмірге әкелді. Тәрбиелеп, өсірді. Бүгінде Сания әжеміз Қостанай қаласында тұрады. Жалпы, балаларынан 9 немере, 11 шөбере сүйіп отыр.

Айта кеткен жөн, Сарыкөл аудандық полиция бөлімі жыл сайын мерекелерде, туған күнінде 96 жастағы Сания әжейдің үйіне арнайы барып, құттықтап тұрады.

Жалпы, Ғаббас майдангердің қайтқанына биыл 20 жыл толды. Ерлікке тағзым етіп, оны еске алу біздің қасиетті борышымыз.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкольские сельхозтоваропроизводители сделали ставку на масличные культуры

94,8 тыс. га земли, что на 25 тыс. гектаров  больше  от запланированной площади, отведены под…

2 недели ago

Село Сарыколь – визитная карточка степного региона, который из года в год, меняя свой облик на глазах сельчан, становится краше

Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…

2 недели ago

17 июля в селе Златоуст стартует спартакиада Сарыкольского района, посвященная Всемирному дню навыков молодёжи

В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…

2 недели ago

Сарыкөл ауданында халықпен есеп беру кездесулері өтіп жатыр

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.