Categories: Новости

Маңызды сала – білім беру

Осы мақсатта Ново-Урицкий орта мектебінде аудандық білім бөлімінің басшысының қатысуымен жиын өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тәуелсіздігіміздің жетістіктерін нығайтуға бағытталған әрі Елбасы саясатының сабақтастығын растайтын жоба екендігі айтылды.

Бұл құжатта Мемлекет басшысының  қоғамда талқыланған көптеген өзекті сұрақтарға жауап беріп, экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы бірқатар маңызды шешімдері сөз етілді.

– Жолдауда көрініс табатын әлеуметтік мәселелердің бірі – білім беру саласы. Мұғалімнің мәртебесін көтеруге көп көңіл бөлінгені өте маңызды. Төрт жыл ішінде мұғалімдердің екі еселенген жалақысы, оның ішінде 2020 жылы 25%, бес күндік жұмыс аптасының енгізілуі мектептердегі білім сапасына айтарлықтай әсер етеді, сонымен қатар мұғалім мамандығын беделді етіп, білім беру жүйесіндегі кадр мәселесін шешеледі, – деді Ирина Науменко.

Сондай-ақ, Президент жасөспірімдер арасындағы суицид, жастар арасында еріктілікті дамыту мәселелерін көтеріп, отбасын қолдау және балалардың құқығын қорғау шараларына ерекше назар аударғаны айтылды.

– Мен, Президенттің зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту жөніндегі ұсыныстарын толығымен қолдаймын.Мұның бәрі өзекті және уақтылы. Олардың шешімі тұтастай қазақстандықтардың өмірі мен әл-ауқатына оң әсер етеді деп сенемін, -деді сөз соңында білім бөлімінің басшысы.

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.