Еркін Әбіл АЭС салу Қазақстанның энергетика саласында үлкен перспективалар ашатынын атап өтті
6 қазанда Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі бойынша маңызды референдум өтеді. Осы маңызды оқиға қарсаңында республикалық штаб мүшесі, ҚР Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл аудандағы мәдениет, спорт, Урицк мектеп-лицейінде аудан педагогтарымен және жастармен кездесулер өткізді.
Сапар барысында өткен осы үш негізгі кездесуде депутат АЭС салудың қажеттілігін және оның ел үшін мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Өз сөзінде Еркін Аманжолұлы АЭС салу Қазақстанның энергетика саласында үлкен перспективалар ашатынын атап өтті.
-Атом энергетикасы – бұл тек сенімді энергия көзі ғана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақмерзімді энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы. Климаттың жаһандық өзгеруі жағдайында біз электр энергиясын өндірудің таза әрі қауіпсіз шешімдерін іздеуге міндеттіміз, – деді депутат.
Оның айтуынша, атом электр стансасы бүгінде еліміздің энергия қажеттілігінің 70%-ға жуығын қамтамасыз ететін, бірақ сонымен бірге қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретін көмір электр станцияларына тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді. АЭС іске қосылуы көмірқышқыл газының және басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның климаттың өзгеруімен күреске қосқан маңызды үлесі болмақ.
Сонымен қатар, мәжілісмен осындай айтулы жобаларды талқылауға, шешім қабылдауға жастарды тартудың маңыздылығын айта келе, ел болашағы жастардың қоғамдық өмірге белсене араласып, негізгі бастамалардан хабардар болуына байланысты екенін жеткізді.
Кездесулер кезінде қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Депутат диалогтің маңыздылығын атап өтіп, алдағы референдумда әр дауыс елдің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
94,8 тыс. га земли, что на 25 тыс. гектаров больше от запланированной площади, отведены под…
Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…
В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…
Возможно, это напоминание мало кого испугало. (далее…)
В рамках профилактики им показали, как живет и работает РГУ «Учреждение № 38» КУИС МВД…
Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек (далее…)
This website uses cookies.