Ұлт ұстазы атындағы байқау

Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы облыстық сайыстан жеңімпаз атанды
4-14 мамыр аралығында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Ахмет Байтұрсынов атындағы үздік оқытушы-2020» облыстық байқауын онлайн түрінде өткізді.

Ұлт ұстазына арналған дәстүрлі білім сайысына әр қала, ауданнан 13 оқытушы қатысты. Олардың барлығы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытып жүрген тәжірибелі ұстаздар.

– Болат болашағынан зор үміт күттіретін жас маман. Сайысқа тыңғылықты дайындалды. Байқау шарты бойынша берілген педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмаларды орындап, қазылар қойған сауалдарға жауап берді. Онлайн желі арқылы электронды әдістемелік құралдарымен таныстырып, қазақ тілін оқытудың озық тәсілін көрсетті, – дейді аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұрмұхамед Серікбаев.

Байқау қорытындысы бойынша Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының атынан қатысқан мемлекеттік тіл оқытушысы Болат Нәби жүлделі I орынды жеңіп алды.

– Аты айтып тұрғандай кіл үздіктер қатысты. Солардың ішінде 1-орынды алу оңай болмады. 4 кезеңге созылған сайыста әр кезеңіне барымды салып дайындалдым. Сайыс барысынды сабақ беру шеберлігі, әлеуметтік желілердегі белсенділік, бейнесабақ сапасы, онлайн түрде сұрақ-жауап, тест сұрақтарына жылдам, әрі нақты жауап беру талап етілді. Енді алдағы уақытта республикалық деңгейде облыстың намысын қорғау жауапкершілігі тұр.

Жалпы, бұл дәстүрлі шараның ерекшелігі алғаш рет онлайн форматта өтті. Әсіресе, біз секілді ұстаздардың тәжірибесін тереңдетіп, әдістемелік базасын байытады, – дейді үздік оқытушы атанған Болат Нәби.

Жалпы, сайыс нәтижесінде 1,2,3-орын және номинация иегерлері диплом, «Сулпак» электрондық-техникалық дүкенінің сыйлық сертификатымен марапатталды. Ал, білім сайысының жеңімпазы, сарыкөлдік оқытушы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алды.

Олай болса, жеңімпаз жерлесімізге жыл сайын облыстан барып, жеңімпаз-жүлдегер атанып жүрген әріптестерінің жолын тілейміз!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкольские сельхозтоваропроизводители сделали ставку на масличные культуры

94,8 тыс. га земли, что на 25 тыс. гектаров  больше  от запланированной площади, отведены под…

2 недели ago

Село Сарыколь – визитная карточка степного региона, который из года в год, меняя свой облик на глазах сельчан, становится краше

Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…

2 недели ago

17 июля в селе Златоуст стартует спартакиада Сарыкольского района, посвященная Всемирному дню навыков молодёжи

В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…

2 недели ago

Сарыкөл ауданында халықпен есеп беру кездесулері өтіп жатыр

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.