Карантин талаптары күшейтілді
Соңғы күндері облысымыздағы COVID-19 індетінің өршуі бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті
Осыған байланысты облыстық жедел штабы 2020 жылғы 9 қарашадан бастап 2 аптаға карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдады.
9 қараша күні сағат түнгі 21:00-де осы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудандық маниторинг топ мүшелері рейдке шықты. Яғни, тұрғындардың елді-мекендер аумағында жүріп-тұруы мен азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін тексерді.
Оның құрамында жергілікті билік өкілдері, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар қызметкерлері болды.
– Карантин режимі күшейтіліп жатыр. Жаңа қаулыдағы өзгерістер туралы адамдарға түсіндіреміз. Осында айтылған сақтық шараларын сақтауға шақырамыз, – дейді топ мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Данияр Шәріпбаев.
Рейд барысында, 10 заң бұзушылық анықталып, карантин талаптарын сақтамағаны үшін хаттама толтырылды.
Айта кеткен жөн, жол патрульдік көлігімен аудан көшелерінен тұрғындарға жаңа қаулыда айтылған шектеу шаралары хабарланып, ескертілді.
Жалпы, осы шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.
Құрметті сарыкөлдіктер, «саулық – сақтықта» – демекші, карантин талаптарын қатаң сақтайық. Жақындармыздың, өзіміздің денсаулығымызды әрдайым бірінші орынға қойып, сақтанып жүруді ұмытпайық.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31