14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.
«Жаңа жасыңмен», «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деген сынды тілектерін айтып, бір- бірімен көрісіп шығады.
Айта кетер болсақ, аудан әкімдігінің жоспарлы мерекелік кестесіне сәйкес ауданда жұмыс күні «Көрісу күні» шарасымен басталды.
Аудандық мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері ұлттық нақышта киініп, көлікті мерекеге сай безендіріп, қолдарына саз-сырнайларын алып, әр мекемені аралап, ыстық ықыластарын білдіріп, көрісу күнін атап өтті.
Олар мемлекеттік мекеме, банк, аурухана, колледж, мектептерге барып әннен шашу шашып, көрісу күні мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, құттықтап қайтты.
Наурыз мерекесі – ынтымақ пен бірліктің, достық пен бауырмалдықтың, көктем мен еңбектің мерекесі. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Олай болса, біз де сарыкөлдіктерді наурыздың бастауы Көрісу күнімен құтықтай отыра, аудан халқына, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілейміз!
Руслан ӘЛКЕЕВ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.