Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қалай қосуға болады?
Реттелетін қызметтер желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады: 1) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш беру; 2) осы Қағидалардың 205-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің «Азаматтарға арналған үкімет» |
мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы келіп түсетін техникалық шарттарды беруге өтінішті қоса берілетін құжаттарының толықтығы тұрғысынан қарауы;
3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге тұтынушының өтінішін табиғи монополия субъектісінің қарауы;
4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруі;
5) тұтынушының техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізуі;
6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісі желілеріне қосылуға әзірлігі туралы хабарлауы.
- Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – ТМС) желілеріне қосылу немесе реттелетін қызметтің көлемін ұлғайту үшін техникалық шарттарды қалай алуға болады?
Бұл үшін Сізге Мемлекеттік корпорацияға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе ТМС кеңсесіне жүгіну қажет
- Техникалық шарттарды беру қызметі қанша тұрады?
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу бойынша қызметтерге тікелей ТМС-ға жүгінген кезде ақы алынбайды, алайда Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде тұтынушыдан осы қызметтерді көрсеткені үшін ақы алынады.
Өтініш бергеннен кейін қанша күн өткен соң техникалық шарттарды алуға болады?
ТМС желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға өтініш берген сәттен бастап, құрылыс объектілерін ТМС желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруді қоспағанда, ТМС бес жұмыс күні ішінде Сіздің өтінішіңізді қарау мерзімін қоса алғанда техникалық шарттарды береді.
Алайда, мемлекеттік корпорация арқылы техникалық шарттарды беруге өтініш берген кезде өтінішті қабылдау күні және оны қарау нәтижесін беру күні өтінішті қарау мерзіміне кірмейді, сол арқылы өтінішті қарау мерзімі ұлғаюы мүмкін, өйткені ТМС қарау мерзімі ТМС өтініш келіп түскен күннен басталады және Мемлекеттік корпорацияның нәтижені берген күнін қамтымайды.
ТМС орындалған жұмыстардың техникалық шарттарға сәйкестігін және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін тексеру қанша уақытты қажет етеді?
Тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы ақпаратты ұсынғаннан кейін ТМС орындалған жұмыстардың техникалық шарттарға сәйкестігін және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.
ТМС реттеліп көрсетілетін қызметіне қосуға қандай мерзім қарастырылған?
ТМС реттеліп көрсетілетін қызметіне қосу орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген жағдайда бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда ТМС қанша уақыт көлемінде тұтынушыны құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын еместігі туралы хабардар етеді?
Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда ТМС бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын еместігі туралы хабардар етеді
Реттелетін қызметтерге қол жеткізуді ұсыну кезінде ТМС шектеулері бар ма?
Реттелетін қызметтерге қол жеткізуді ұсыну кезінде ТМС бірқатар шектеулері бар екенін және соған сәйкес ТМС:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫ, Департамент Заңда көзделген шектеулерді ТМС-нің сақтамауы Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіздің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Департамент бұзылған құқықтарды қорғау мақсатында әрекет ету шараларын қабылдайтындықтан, осыған байланысты, жоғарыда аталған нормаларды бұзушылық туындаған жағдайында Сіз растайтын құжаттарды қоса бере отырып Департаментке жүгінуге құқылысыз.
Анықтама телефоны: 8 (7142) 53 52 40
Сенім телефоны: 8 (7142) 54 56 58
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31