Өңір басшысының алқаптарды аралау жұмысы жалғасуда
Осы аптада аудан әкімі Амантай Балғарин жұмыс бабымен бірнеше диқанмен кездесті
Сапар барысында Амантай Кәкімбекұлы «Аманжол АкРо», «Олжа Арыстан», «Агрокомтрейд», «Маякское», «Анновка» серіктестіктері мен «Уразбеков М.К.», «Такишев К.Б.», «Утемисов Ш.Е.», «Михнев П.Д.» және «Капанадзе Г.Л.» шаруа қожалықтарының егіс алқаптарында болып, атқарылып жатқан игі істерге қанықты. Шарушылық басшылары астық жинау жұмыстары қызу жүріп жатқанын жеткізіп, ауа райы қолайлылық танытса жоспарлы уақытта аяқтайтындарын айтты.
Жалпы, Сарыкөл ауданында дәнді және бұршақ дақылдары 292,3 мың гектарды құрайды. Соның бүгінгі таңда 235,2 мың гектары орылды. Бұл нәтиже, аграрлық шаруашылықтардың біліктілігі мен заманауи техникаларының арқасында жүзеге асырылып отыр.
Кездесу кезінде аудан басшысы шаруашылық басшыларына бірінші кезекте астықты төкпей-шашпай жинап алуды тапсырды.
– Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Алдын ала белгіленген кестеге сай күзгі егін жұмыстарын уақытылы аяқтаңыздар, – деді Амантай Кәкімбекұлы.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31