Орталық алаңға қарасаң көркіне көз тоймайды.
Әсіресе, «Меңдеке батыр», «Жеңіс» саябағы мен «Ауған соғысы боздақтарына арналған ескерткіш» алаңы ал қызыл түсті гүлдермен көмкерілген.
Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшениннің мәліметінше, биылғы жылы барлығы 20 мыңға жуық гүл егілген. Соның ішінде петуния, барқыт, түнгі сұлулық, вербена, агератум, саусақпен салынған бала, бальзам және басқа да түрлері бар.
Сарыкөлге сән бере түскен абаттандыру, гүл егу, оны баптау жұмыстарымен «Джакон» жеке кәсіпкерлігі айналысады.
Оның басшысы Жәнібек Бөлегеновтың айтуынша, заманауи техникалардың көмегімен жұмысшылар алаңдарды гүлдендіріп, абаттандырып мол мүмкіндікке қол жеткізіп отыр. Аталған жұмыстармен 6 адам айналысуда. Олардың әрқайсысының өз міндеттері бар.
Жалпы, айта кеткен жөн, Сарыкөлді абаттандыру жұмыстары аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен, жүйелі қолдау көрсетуімен жүзеге асырылуда. Осындай айырықша көңіл бөлінгеннің арқасында Сарыкөл кенті күннен-күнге гүлденіп, жайнап, құлпырып келеді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.