Есеп беру кездесулері жалғасуда
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Маяк, Златоуст, Тимирязев және Урожайный ауылдары әкімдерінің есеп беру кездесулері өтті.
Ал, бүгін Большие Дубравы, Весело-Подол және Барвин ауылдарында жалғасты.
Оған аудан әкімі Амантай Балғарин, орынбасарлар, аудандық мәслихат депутаты Күләш Базарбаева және өңірдің мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Әкімдер ауылдық округтердің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады.
Сонымен қатар, учаскілік полиция инспекторлары есептері тыңдалды.
Жалпы, жиын қортындылары бойынша тұрғындарды қызықтыратын көптеген сұрақтар тыңдалды. Айталық, олар ауыз сумен жабдықтауға, көшелерді жарықтандыруға және жалпы елді-мекендерді абаттандыруға қатысты болды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров