Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

29 қаңтар күні “Nur Otan” партиясы Сарыкөл аудандық филиалында табыстау рәсімі өтті

Карантинге байланысты марапат иелерінің бәрі жиналған жоқ. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айдос Жакенов барлық партия мүшелеріне алғысын айтып, Алғыс хатты табыстады.

-Праймериз, сайлауымызды сәтті өткіздік. Бүгінгі марапат – соның нәтижесі. Біз бірге жұмыс істеп, бірге жеңіске жеттік, – деп нақты сенім білдірді Айдос Қосылбайұлы.

Сол күнгі Алғыс арқалағандардың қатарында ардагерлер Уәлихан Айғұлақов пен Валентина Батулина және “Сарыкөл” газетінің бас редакторы Руслан Әлкеев болды.

-Бұл үлкен құрмет біз үшін. Өте қуаныштымыз. Осылай еңбегің еленіп жатқанда, алдағы уақытта жұмыс жасай бергің келеді, – дейді аға ұрпақ өкілдері.  Айта кеткен жөн, олардың бұл «Nur Otan» партиясы тарапынан алып отқан алғашқы марапаты емес.

Ал, Руслан Оразбайұлы болса, елімізде тұңғыш рет өткен Праймеризде жеңіске жеткенін, аудандық мәслихат депутатына кандидат ретінде бағын сынап, резервке өткенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының атынан Алғыс хат алу – үлкен жетістік, абырой екенін айтты.

Жалпы, мұндай марапат – партия мүшелері мен белсенділері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің атынан   ҚР Мәжілісі және мәслихат сайлауының үгіт-насихат жұмыстарына белсене ат салысып, жеңіске қосқан үлестері үшін берілді.

Марапатталғандар партия басшылығына, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылықтарын білдіріп, халыққа әрдайым қамқор бола білетін партия екенін алға тартты.

Сарман АЛДИЯР

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.