Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
29 қаңтар күні “Nur Otan” партиясы Сарыкөл аудандық филиалында табыстау рәсімі өтті
Карантинге байланысты марапат иелерінің бәрі жиналған жоқ. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айдос Жакенов барлық партия мүшелеріне алғысын айтып, Алғыс хатты табыстады.
-Праймериз, сайлауымызды сәтті өткіздік. Бүгінгі марапат – соның нәтижесі. Біз бірге жұмыс істеп, бірге жеңіске жеттік, – деп нақты сенім білдірді Айдос Қосылбайұлы.
Сол күнгі Алғыс арқалағандардың қатарында ардагерлер Уәлихан Айғұлақов пен Валентина Батулина және “Сарыкөл” газетінің бас редакторы Руслан Әлкеев болды.
-Бұл үлкен құрмет біз үшін. Өте қуаныштымыз. Осылай еңбегің еленіп жатқанда, алдағы уақытта жұмыс жасай бергің келеді, – дейді аға ұрпақ өкілдері. Айта кеткен жөн, олардың бұл «Nur Otan» партиясы тарапынан алып отқан алғашқы марапаты емес.
Ал, Руслан Оразбайұлы болса, елімізде тұңғыш рет өткен Праймеризде жеңіске жеткенін, аудандық мәслихат депутатына кандидат ретінде бағын сынап, резервке өткенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының атынан Алғыс хат алу – үлкен жетістік, абырой екенін айтты.
Жалпы, мұндай марапат – партия мүшелері мен белсенділері және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің атынан ҚР Мәжілісі және мәслихат сайлауының үгіт-насихат жұмыстарына белсене ат салысып, жеңіске қосқан үлестері үшін берілді.
Марапатталғандар партия басшылығына, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылықтарын білдіріп, халыққа әрдайым қамқор бола білетін партия екенін алға тартты.
Сарман АЛДИЯР
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31