«Елбасы – елдің тірегі»
Осындай атаумен Сарыкөл аудандық «Н.Дәулетова» атындағы орталық кітапханасында өңірлік байқау өтті.
Тұңғыш Президент күніне арналған жарысқа ауданның әр ауылынан келген отыздан астам оқушы қатысты. Олар түрлі жас санаты бойынша сынға түсіп, «Қазақстан», «Отан», «Туған жер» және «Тұңғыш Президент» туралы шығармаларды тебірене, нақышына келтіре оқыды.
Нәтижесінде, шабыты ашылып, таланты тасып, мықты дайындығын көрсеткен қатысушылар жүлделі орындардан көрінді. Яғни, 1-орынды 8-сынып оқушысы Аружан Әбенова (Тәгіл ОМ) жеңіп алды. Еңселі екінші орындарды 10-сынып оқушылары Анастасия Аникина (Тимирязев ОМ) мен Айсұлу Даниленко (Чехов ОМ) еншіледі. Сондай-ақ, 3-орындарды 7-сынып оқушылары Сания Шаймерденова (Лесной ОМ) және Вера Пышная (Барвин ОМ) місе тұтты.
Айта кеткен жөн, бұл байқауды ұйымдастыруға аудандық тілдерді оқыту орталығы мен кітапхана ұжымы мұрындық болды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31