Ел болашағы – жас мамандар

«Дипломмен-ауылға» бағдарламасына биыл – 10 жыл

Осы жоба аясында сарыкөлдік Жалғас Шұғыбаев туған жеріне маман болып оралды.

Жалғас 2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогиқалық университеті, филология факультетінің қазақ әдебиеті мамандығына түсіп, оны 2016 жылы бітірген. Бүгінгі танда Урицкий мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәнің мұғалімі болып жұмыс істейді.

– Анамның жолын қуып, осы мамандықты таңдадым. Оған еш өкінбеймін. Мен, жұмыс істеп жатқан мектеп-лицейдің денгейі өте жоғары. Бұл тек қана ауылдық емес қалалық деңгейге жақын деп санаймын, – дейді ол.

Жас маман қазіргі уақытта білім беру саласында кейбір өзгерістердің туындап жатқандығын, жаңа оқыту бағдарламасына көшу туралы да сөз етті.

-Баларға сәл қиын деп айтуға болады, себебі балалар ескі бағдарламаға үйреніп қалды – деп өз сөзін жалғады.

Сондай-ақ, Жалғас Шұғыбаев мемлекеттен жастарға көптеген көмек көрсетіліп жатқандығын айтты. Соның ауқымдысы – «Дипломен ауылға» бағдарламасы. Бұл жастарды баспанамен қамтамасыз етуде үлкен көмек.

Сарыкөлге келген тағы бір жас маманның бірі, Қостанай педагогикалық университетінің түлегі – Жаслан Абрахманов. Ол – өңірдің білім саласына өз үлесін қосуды басты мақсат санайды. Бүгінде Ново-Урицк орта мектебінде 2 жылдан бері физика пәнінен сабақ беріп жүр.

– Ұйымшыл ұжым мені жақсы қабылдады. Тәжірбиелі мамандар білгендерін үйретуде. Жалпы, маған балалармен жұмыс жасаған қатты ұнайды. Себебі балалардың жетістіктері бар екенін атап өткім келеді – дейді жас маман.

«Жас келсе, іске» – дегендей, бұл жігіттің де іске кірісіп кеткендігі бірден көрініп тұр. Осылайша, жоғары білім алып келген жас мамандар бірден жұмысқа орналасып, өз ісіне білек сыбаан кірісіп кеткендігі олардың таланы десек қателеспейміз.

Жалпы, мұғалім – Тәуелсіз еліміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтардың қолында.

Ал, жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында.

Олай болса, Жалғас пен Жасланға сәттілік тілейміз!

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.