Депутат Златоуст ауылына барды
Сапар барысында биыл күшіне енген бірқатар заң жобалары мен іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар сөз болды
8-қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова Сарыкөл ауданына жұмыс сапары аясында Златоуст ауылына барды.
Ирина Петровна ондағы былтыр пайдаланылуға берілген ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының тыныс-тіршілігімен танысты. Содан кейін
Краснодон орта мектебін аралап, ондағы ұжыммен кездесіп және ауыл тұрғындарын жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Айта кеткен жөн, іс сапарға аудан әкімі Амантай Балғарин және мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары мен мектеп ұжымы қатысты.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31