
Бірлік күні Сарыкөл төрінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді
Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті
Бүгін Сарыкөл кентінің орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Аудан әкімі Марат Шымырбеков жиналғандарды мерекемен құттықтады.
-Баршаңызды Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Бірлігіміз одан сайын артып, тірлігіміз жандана берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Марат Лесбекұлы.
Мереке барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік жарысы-2025» атты марафоны,
«Достық шаңырағы» атты ұлттар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Бірлігіміз жарасқан» атты достық биі мекенің көркін қыздырды. «Бір шаңырақ астында» атты ұлттар фестивалі де көпшілікке зор әсер беріп, ал мерекелік концерт халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бір серпілтіп тастады.
Одан бөлек әр ұлттың спорт жарыстары да ерекше өтті.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31