«Бірлігіміз жарасқан»

4 сәуірде осындай атаумен аудандық мәдениет үйінде онлайн-концерт өтті
Бұл шара sar_dom_2020 инстаграмм желісінің тікелей эфирі арқылы көрсетілді.

300-ге жуық желі қолданушылары тамашалап, лүпілмен өз пікірлерін білдіріп жатты. Әсіресе, «Жарайсыздар!», «Алға, Сарыкөл!», «Қазақтың күйіне не жетсін!» және «Жалғасын таба берсін!» дегендей жүрекжарды лебіздер жазылды.

Бірлікке шақырып, үйде отыруға үндеген шараға жас та болса, сахнаның хас саңлақтары – Абай Сейдахметов, Нағашыбай Ыбырай, Алтынбек Төлегенов, Дамир Сагалов және Карима Рекенова сияқты өнерпаздар қатысып, концерттің көркін қыздырды. Шегіне жеткізе ән шырқап, күмбірлете күй тартты.

Сонымен қатар, онлайн-концертке аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұрмұхамед Серікбаев, колледж директорының тәрбие-ісінің орынбасары Юлия Дандыбаева және «Сарыкөл» газетінің редакторы Руслан Әлкеевтер өз үлестерін қосты.

Айта кеткен жөн, бұл шараны аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды.

-Бүгінгі шара жоспарларымыздың бастамасы. Алдағы уақытта осындай онлайн концерттеріміз жалғасын таба береді. Еліміздің басына қиын жағдай түскенде құр қарап отырмай, бір пайдамызды тигізіп, халықтың көңілін көтеріп, бірлікке, үйде отырып, онлайн концерт тыңдауға шақырғымыз келді, – дейді директор Гүлнара Каскова.

Жалпы, аудандық мәдениет үйінің жоғарыдағы парақшасына кіріп, басқа да шараларын тамашалауларыңызға болады.

Біздің де оқырмандарға, сарыкөлдіктерге айтарымыз: #bizbirgemiz, #Үйде отырыңыз!

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.