6 сәуір күні түнгі сағат екіде Сарыкөл ауданында су басу қаупі бар Севастополь ауылдық округінде су тасқынының шарықтау шегі күтілген еді.Біз де сол ауылда болып, жағдайды біліп қайттық.

Осы окруктегі су тасқынының алдын алу жұмыстарына 2 эксковатор, 1 МТЗ, 3 погрузчик, 1 К-700, 9мотопомпа жұмыс істеп, 120 адам жұмылдырылды. Олардың ішінде жергілікті атқарушы орган, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар қызметі, білім, мәдениет қызметкерлері мен еріктілер, ауыл тұрғындары және басқа да сала өкілдері бар.

Севастополь ауылына арнайы келген аудан әкімі Амантай Балғарин жағдайды бақылап, жұмыстарды өз көзімен көріп, басы-қасында жүрді. Аудан әкімінің айтуынша су басу қаупінің алдын алу мақсатында биыл наурыз айынан бастап ауданда су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Жедел әрекет ету тобы да құрылған.Сонымен қатар, Амантай Балғарин тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда екенін баса айтты.

-Биылғы көктемдегі тосыннан төнген топан су елімізге ауыр тиіп жатыр. Қазірті таңда Сарыкөл ауданы бойынша жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жергілікті атқарушы орган барлық ықтимал төтенше жағдайларға дайын. Су өткізгіш құбырлар тазартылды, су басқалы тұрған ең қауіпті учаскелерге 3000 қап инертті материал төселіп, жолдың шайған екі-үш жеріне құм төселді. Штабта ұсыныстар мен іс-қимыл қадамдары бар. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс жасап тұр.Иннертті материалдар, қапшықтар, жеткілікті мөлшерде. Су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысатын барлық арнайы техника дайын.
Қазіргі жағдайда ең маңыздысы – азаматтарымыздың өмірі. Жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы халықты дер кезінде хабардар етіп отырмыз. Тағы да аудан тұрғындарына айтарым, су келген жағдайда қауіпсіз орынға ауысуға дайын болуларыңызды сұраймын, – деді Амантай Кәкімбекұлы.

Сонымен қатар, ауылдағы мектепте 50 орынға шақталған 1 эвакуациялық пункт жұмыс жасап тұр. Онда ыстық тамақпен, дәрі-дәрмекпен қамтылған. Ауданнан дәрігерлер де арнайы келген.

-Бүгін біздер, аудандық төтенше жағдайлар штабының құрамы Севастополь ауылына келдік. Ауыл мектебінің спорт залына төсек-орын дайындадық. Осында су тасқынынан зардап шеккен адамдар келіп жатса, медициналық-психологиялық көмек көрсететін боламыз. Бәрі де жақсы болады деген ойдамын, – дейді аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Ержан Шаймерденов.

Ал, ауыл тұрғыны Теміржан Қожахметов болса, бұл өткінші қиындықтардың да артта қаларына сенім білдіріп, ауылдықтарды алаңдамауға шақырады.

-Мен осы ауылда туып-өстім. 61 жылдан бері тұрамын. Бірақ, бұған дейін мұндай су болған емес. Кішкене шеткі үйлерді алып жатыр. Жыл сайын ауылға келген су ауылдың шетімен ағып кететін. Басқа түскен соң бұл қиындықпен де ел болып күресіп, қолдан келгенше көмегімізді тигізіп жатырмыз. Ауданның жергілікті билік өкілдері, төтенше жағдайлар қызметі, қол ұшын созуға келген жандардың бәрі осында жүр. Сондықтан, тұрғындарды алаңдамауға шақырамын. Бұл қиындықтарды да ел болып еңсеріп, бірлігіміздің күшімен жеңеміз, – дейді ауыл тұрғыны.

Жалпы, дәл осындай жағдай Севастополь ауылында ғана емес, Маякта, Злотауст және Ананьевкада орын алды. Бірақ, барлық жағдай биліктің жіті бақылауында, түрлі іс-шаралар қолданып жатыр. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ екенін баса айтқымыз келеді.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы

Редактор

Recent Posts

«Жойылудың сәл-ақ алдында»: танымал қазақ тұлғалары дүниеге келген ауылдардың қазіргі жағдайы қандай?

  «ТоболИнфо» ақпарат агенттігінің тілшілері Қостанай облысындағы тарихи орындарды аралап қайтты (далее…)

4 дня ago

Для подучетных двух районов Костанайской области провели экскурсию в колонии

Обстановку в учреждении 12-ти жителям Узункольского и Сарыкольского районов, стоящих на учете пробации. Они посетили…

2 недели ago

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, состоящими на учете в службе пробации

Мероприятие, организованное в рамках проекта, направленного на ресоциализацию и реабилитацию граждан, освобожденных из мест лишения…

1 месяц ago

«Қамқорлық басымдыққа ие болған кезде: Сарыкөл ауданы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдайды»

Сарыкөл ауданында ерекше білім беру қажеттілігі бар 313 бала бар, оның 66-ы мүгедек (далее…)

2 месяца ago

Бірлік күні Сарыкөл төрінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді

Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)

2 месяца ago

Подучетным службы пробации Сарыкольского района разъяснили порядок получения ЭЦП

Представители фонда «Жанашыр бол»  провели  информационно-разъяснительная лекция для осужденных, состоящих на учете в службе пробации…

2 месяца ago

This website uses cookies.