Қәзіргі таңда еліміздің бірнеше өңірлері топалаң су астында қалып отыр.
Соның ішінде облысымыздың оңтүстік өңірлері қардың суымен қатар тасқынның ортасына айналды. Осы мақсатта Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай енгізілді.
Осы жағдайды естіп, біліп отырған Сарыкөл ауданы да бей-жай қарап қалмады.
Бүгін ауданымыздың шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бірлесіп, Арқалық қаласына 36 тонна жем-шөп жіберді.
-Біз қашаннан басымызға күн туса, қол қусырып қарап отырамайтын елдің ұрпағымыз. Оңтүстік өңірлерде орын алған жағдайларды естіп, көріп отырмыз. Бұл бәріміздің жанымызға батады. Аудан әкімінің бастамасымен біздің ауданның белді шаруа қожалығы мен серіктестіктердің басшылары ұйымдасып, Арқалық қаласына 36 тонна жем-шөп жіберіп отыр. Бұл көмек ертең де жалғасын табады, – дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы
Талғат Мұқанов.
Руслан ӘЛКЕЕВ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.