Бүгін Сарыкөл кентінде көптен күткен спорт кешені ашылды

«Сұңқар» дене-шынықтыру кешенінің ашылу салтанаты – Ұлыстың ұлы күніне тарту болды

Жаңадан салынған дене-шынықтыру сауықтыру кешені заман талабына сай, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайтын тамаша нысан. Оның лентасын Асық атудан «Қазақстан Республикасының ұлттық спорт төрешісі» және дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының оқытушысы, Қостанай облысының асық атудан аға жаттықтырушысы Кәрішал Какашев пен жерлесіміз, шаңғы және велоспорттың ардагері Анатолий Сергета қиды.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Әнұранымыз шырқалып, қазақтың дәстүрі – шашу шашылып, аудан әкімі Марат Шымырбеков жиналғандарды құттықтады.

-Құрметті жерлестер! Бүгінгі ашылған спорт кешені – біздің жарқын болашағымызға жасалған маңызды қадам. Салауатты өмір салты – әрбір азаматтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Спорт – денсаулық кепілі, табысқа жетудің ең негізгі кілті.
Жас спортшыларымыз сұңқардай самғап, ел намысын қорғап, байрағымызды биікке көтере берсін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс пен жеңіс тілеймін!

Жаңа жылдағы, жаңа нысан кұтты болсын, – деді Марат Лесбекұлы өз құттықтауында.

Айта кетейік, бұл нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып отырған «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.

Жаңа кешен белсенді және салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндер үшін таптырмас орталыққа айналмақ. Мұнда баскетбол, волейбол, гандбол, бадминтон, үстел теннисі, шағын-футбол, теннис, гимнастика және аэробика сияқты спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Жалпы, жыл сайын осы кешенде 1000-нан астам адам үнемі спортпен шұғылдана алады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Марат Лесбекұлы жақында Семей қаласынан жасөспірім қыздар арасында өткен футбол жарысынан 1 орын жеңіп алған Тәгіл мектебінің командасына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының грамотасы, медалі және кубогін, оған қоса өз атынан да мадақтама табыстады. Одан әрімен айтулы күнмен Кәрішал Какашев, Анатолий Сергеталар құттықтады.
Жалпы, спорт кешенінің ашылу құрметіне орай волейболдан қыздар арасында жарыс өтті. Айтпақшы, белгілі кәсіпкер Тұрсынбай Садуақасов өзі сөз алып, жүрекжарды лебізін білдіріп, волейболдан жүлделі 1 орын алатын спортшыларға 100 мың теңге сыйлайтынын айтты.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

В Сарыкольском районе прошли общественное слушание и встреча с подучетными службы пробации

В Сарыкольском районе состоялось общественное слушание по реализации социального проекта «Организация работы по ресоциализации и…

1 день ago

Сарыколь отметил 100-летие Назиры Дәулетовой

Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)

5 дней ago

В поселке Сарыколь прошел субботник по благоустройству территории

Всего в субботнике было задействовано порядка 80 человек. (далее…)

6 дней ago

В Сарыкольском районе отметили активистов территориальной коалиции

Участников коалиции поздравил исполнительный секретарь филиала партии «AMANAT» Бақытжан Жантемір. (далее…)

1 неделя ago

Паводковая ситуация в Сарыкольском районе стабильная

Аким района проверил объекты противопаводковой инфраструктуры в селах Севастополь, Тагильское, Крыловка и поселке Сарыколь. (далее…)

2 недели ago

«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.