Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Ұлт денсаулығы — еліміздің басты байлығы».
Осыған байланысты «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында нақты тапсырмалар беріліп, бүгінде бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда. Сарыкөл ауданындағы Сорочин ауылдық округіне қарасты Крылов ауылында жаңа медпунктің ашылуы соның бір айғағы.
Осы айтулы күні жиналғандарды аудан әкімі Марат Шымырбеков құттықтап, әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, уығы берік болуын тіледі.
-Ауыл тұрғындарының ауылдан тыс жерлерге шықпай-ақ, заманауи талаптарға сай, қолайлы жағдайда сапалы алғашқы медициналық көмек алуына мүмкіндік жасалуы — біз үшін аса маңызды.
Жаңа нысан құтты болсын! Ауылдан, үйлеріңізден береке мен бірлік арылмасын! Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы нығая берсін, – деді Марат Лесбекұлы.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Құдабек Ескендіров бата беріп, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Солдат Дүтпаев екеуі жаңа нысанның лентасын қиды.
Айта кетейік, Крылов ауылында салынған жаңа медициналық пункттің жалпы құны 240 миллион теңгеден астам қаржыны құрайды. Оның жалпы аумағы – 220 шаршы метр. Құрылыс барысында барлық инженерлік желілер тартылып, медициналық қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген. Мұнда қызметтік, процедуралық, екпе, гинекологиялық, ақпараттық, дәрі-дәрмек сақтайтын кабинеттері заманауи жабдықтармен және жиһаздармен жарақтандырылған. Тұрақты түрде екі медбике, бір санитар және үш от жағушы жұмыспен қамтылды.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Мимо его творений пройти спокойно невозможно. Они словно живые… (далее…)
В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…
Приоритетным направлением работы Сарыкольского управления санитарно-эпидемиологического контроля является профилактика инфекционных болезней и обеспечение санитарной охраны…
Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)
Аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады (далее…)
Алдымен оларды аудан әкімі қабылдап, дөңгелек үстел өткізді (далее…)
This website uses cookies.