Бүгін Сарыкөл ауданында күрделі жөндеуден өткен мемлекеттік тілде оқытатын Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектебі салтанатты түрде ашылды
Ашылу рәсіміне аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы қатысып, ата-аналар мен мұғалімдерді және оқушыларды құттықтады.
Амантай Кәкімбекұлы жүрекжарды лебізінен кейін, мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізген «Торгстроймонтаж» ЖШС-нің директоры Павел Борзенковке Алғыс хат табыс етті.
Одан әрімен өңір басшысы мен мердігер компания директоры жаңартылған мектептің лентасын қиып, қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылды.
Сондай-ақ, ардагер ұстаз Айна Шұғыбава ақ тілегін айтып, осы жұмыстың басы-қасында жүріп, өз үлестерін қосқандарға алғысын білдірді.
Айта кеткен жөн, бұл білім шаңырағына күрделі жөндеу жұмыстары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүргізілді. Жалпы жоба құны – 140 млн.392 мың теңгені құрайды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
1 просмотров