Бүгін Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен ҚР Мәжіліс және Сенат депутаттары келді
Делегация құрамында Қазақсан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев, Серік Бектұрғанов, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов және Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов болды.
Олар алдымен, «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасы аясында жөндеуден өткен орталық аудандық ауруханаға барды. Ондағы жүргізілген жұмыстардың сапасымен танысып, аурухана қызметкерлерімен кездесті.
Содан кейін депутаттар аудандық әкімдікте мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді. Шара барысында мемлекеттік бағдарламалар, АӘК ұсынудағы өзгерістер, бюджеттің төртінші деңгейіне көшу және қабылданған заң жобалары туралы сөз болды.
Кездесу кезінде сөз алған аудан әкімі Амантай Балғарин өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып берді.
Ал, сапар соңында халық қалаулылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» жобасы аясында өткен жылы өңір орталығында салынған «Меңдеке батыр» ескерткішіне соқты.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31