Бүгін ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыкөл ауданында ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері өткізілуде.
16 қаңтарда Сорочин, Севастопол және Комсомол ауылдық округтері әкімдерінің есеп беру кездесулері өтті. Биылғы жылдың басты ерекшілігі – жаңа форматта, ҚР Президентінің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына басымдық берілді.
Оған Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Балғарин, аудандық мәслихаттың хатшысы Күләш Базарбаева және аудандық мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында әкімдер ауылдық округтердің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларының да есептері тыңдалды.
Есеп беру кездесулерінде тұрғындар ауыз сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін алға тартты.
Бұл сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.
Руслан ƏЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31