Аудан әкімі Жұмағали Құсаиновты құрметті демалысқа шығуымен құттықтады

Аудан әкімдігінде аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жұмағали Құсаиновты құрметті демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиналыс өтті.

Оны аудан әкімі Амантай Балғарин ашып, жүргізіп отырды. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, аудан активі, кәсіпкерлер және аурухана ұжымы қатысты.

Жиын барысында өңір басшысы Амантай Кәкімбекұлы саналы ғұмырын қызметке сарп еткен, адал еңбекті жанына міндет еткен азамат Жұмағали Құсаиновты зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

– Ерінбей еңбек еткен жан осындай дәрежеге жетеді. Қай кезде де адал еңбектің бағасы биік. Оның үстіне туған жерінде, бір жерде табан аудармай еңбек етудің өзі үлкен бақыт, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Одан әрімен облыстан келген мейман Вячеслав Дудник сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Нұр-Айгер-СК» ЖШС директоры Серікбай Жұмағұлов та жүрекжарды лебізін жеткізді.

Құрметті демалысқа шыққан Жұмағали Көкенұлы 1985 жылы Қарағанды медициналық институтын бітіріп, Қостанай қалалық перзентханасына жіберілген.

Интернатураны аяқтағаннан кейін, 1986 жылдың тамызында Урицкий орталық ауруханасына акушер-гинеколог ретінде қабылданып, сол жылдың қазан айынан бастап Весело-Подол учаскілік ауруханасының бас дәрігері болып ауысты.

1993 жылдың қазан айынан бастап Урицкий орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. Содан 26 жыл бойы тапжылмастан еңбек етіп, абыройлы зейнет демалысына шығып отыр.

Әрине, адам жастайынан бойына сіңірген білімі мен алған тәлім-тәрбиесі, көрген тәжірибесі мен атқарған тынымсыз еңбегінің арқасында осындай сый-құрметке жетеді. Ел ағасы атанған шақта отбасында қадірлі, ортасында сыйлы, қызметте құрметті болса, одан артық бақыт жоқ та шығар.

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.