Аудан əкімдігінің мәжіліс залында тіл жанашырлары тікелей байланыс арқылы облыста өткен алқалы жиынды тыңдады
Онда «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиінің нұсқалары мен әліпбиішілік реттеулер бойынша ұсыныстары» тақырыбы əңгіме өзегіне айналды.
Яғни, әдіскер А.Нұрбекова мен оқытушылар Ж.Жарасбаева жəне А.Миркемелова ұсынылған әліпбидің үш жобасымен таныстырды.
Ашық талқылауға ЖОО филолог ғалымдары мен оқытушылары, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кеткен жөн, бұл жиынды Қостанай облысы əкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды.
Тікелей көрсетілімнен кейін, сарыкөлдік тіл жанашырлары осы мәселені өзара талқыға салды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров