Ауған қасіреті – жүректе қалған жара
Сарыкөл кентінің орталық алаңында ерлік лебі ескен іс-шара өттi
Бұл – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналды.
Сол бір сұрапыл соғысқа қатысқан және онда шейіт болған жауынгерлерді еске алу жиынына өскелең ұрпақ та қатысты. Яғни, олар қилы кезеңде батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен ардагерлердің ерлік істерін ұлықтау сәтіне куә болды.
Алдымен, жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Одан әрімен ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер қоғамының төрағасы Алексей Пазников сөз сөйлеп, жанқиярлықпен ерлік көрсеткен, табандылыққа толы сәттерді еске алды. Ол сөз соңында осындай шараны ұйымдастырған әкімдікке алғысын айтты.
Бұдан кейін сол бір жылдары оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімінің орынбасары мен ауған соғысының ардагері және қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Айта кеткен жөн, аудандық мәдениет үйінің вокальдық тобы «Бабалар ұраны», Виктор Нилов «Естелік» атты әндерді шырқады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31