«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады


Мереке басталмай тұрып алаңда қазақтың ұлттық әуендері мен күй күмбірі естіліп, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахналық қойылым қыс пен көктемнің символикалық бейнесімен басталып, табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің жандануын бейнелеген әсерлі би көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Одан әрі ұлттық киім киген ауыл тұрғындарының сахнаға шығуы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі көрініс тапты. Ұмай ананың аластау рәсімі орындалып, ел-жұртқа амандық, береке, тыныштық тілеген ақ баталар айтылды. Бұл көрініс Наурыз мейрамының рухани мәнін айшықтай түсті.

Мерекелік бағдарлама барысында «Ару» триосының орындауындағы ән мен бишілердің көркем қимылдары сахнаның сәнін келтірді. Сонымен қатар, көпшіліктің ықыласына бөленген ұлттық тағам – Наурыз көже дайындалып, жиналған қауымға «Ақ мол болсын!» деген ақ тілектермен таратылды. Бұл – татулық пен молшылықтың белгісі ретінде қабылданды.

Сахна төріне шыққан Қыдыр ата жұртшылыққа ақ батасын беріп, елге ырыс-береке, амандық тіледі. Ал қазақтың ежелгі дәстүрі – шашу шашу рәсімі де ерекше сән-салтанатпен атқарылып, мерекеге келген қауымға қуаныш сыйлады.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Марат Шымырбеков тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл мерекенің бірлік пен ынтымақтың, жаңару мен жаңғырудың символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, биыл Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойы екені де ерекше айтылып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірілді.

Мерекелік концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге әсем ән мен би тарту етті. Қазақтың ұлттық билерімен қатар, түрлі этнос өкілдерінің өнері ұсынылып, еліміздегі достық пен татулықтың жарқын көрінісі байқалды.

Шараның қорытындысында қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін білдіріп, Наурыз мейрамының мән-маңызын тағы бір мәрте сезінді.

Жеті киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар мен сауда-саттық салтанат құрған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Сарыкөл жұртшылығы үшін береке мен бірліктің, ізгілік пен жаңарудың жарқын мерекесі ретінде есте қалды.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Сарыкөл ауданы

Редактор

Recent Posts

Юные спортсмены Сарыкольского района покоряют асық ату и бес асық

Сила традиций и дух соревнований: асық ату и бес асық объединяют молодежь (далее…)

2 дня ago

Сарыкөл кентінде Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Н.Дәулетова атындағы аудандық кітапханада Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)

5 дней ago

В Сарыколе прошёл открытый районный турнир по мини-футболу среди мужчин

Спортсмены, неся надежду своих районов, подошли к турниру с всесторонней подготовкой. (далее…)

6 дней ago

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

6 дней ago

В Сарыкольском районе открылись избирательные участки для участия в референдуме по новой Конституции

Все участки готовы к приему граждан, на месте работают наблюдатели и проходят акции для первых…

7 дней ago

This website uses cookies.