Ардақты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!
Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аталып өткелі жатқан бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке – 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, туған жерін қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейді.
Қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.
Біздің ата-бабаларымыз сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерімізді қорғады. Ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі деп білеміз.
Егемен елі барда, ерлер есімі ешқашанда өшпейді. Қай кезде де Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлердің мұң-мұқтажын назардан тыс қалдырған емес.
Қәзіргі таңда аудан бойынша 2 соғыс ардагері, 62 тыл еңбеккері тұрады.
Біздің ауданымызда да олардың есімдері мен ерліктерін ел жадында қалдыру мақсатында көптеген істер атқарылуда. Ұлы Жеңіс күні боздақтарды еске алып, тағзым етеміз.
Әсіресе, отты жылдары жерлестеріміз Беда Леонид Игнатьевич (екі рет), Собка Максим Ильич, Амеличкин Сергей Георгиевич және Глушко Василий Семенович Кеңес Одағының Батыры атанды.
Ел басына күн туған сұрапыл жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Біз оларды әрдайым ардақтап, мақтан етеміз!
Құрметті мереке иелері!
Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді ат салысып ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздер жасаған ерлік ешқашан өшпейді. Ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.
Осынау, Ұлы Жеңіс күні – Сіздерге зор денсаулық, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын, ағайын!
Аудан әкімі Амантай БАЛҒАРИН
Уважаемые ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла!
Дорогие земляки!
Сердечно поздравляю всех с Великим праздником – Днем Победы в Великой Отечественной войне!
Отмечая этот праздник, мы показываем, что такое единство людей, братство, героизм, и как надо любить Родину.
Ваше поколение, испытавшее на себе тяжесть войны, является гордостью общества. И сегодня святой долг – не забыть о нуждах старшего поколения.
Выражаю вам огромную благодарность за то, что вы, не щадя своей жизни и здоровья, отстояли нашу Родину. Мы помним о тех, кто шел навстречу смерти в боях во имя спасения Родины, о тех, кто своим героическим трудом в тылу приближал Победу, о тех, кто поднимал страну из руин. Это день нашей общей Памяти. Это День Великого Подвига.
В решающих сражениях Великой Отечественной войны приняли участие и воины-костанайцы. Из сел нашей области на фронт ушло более 73 тысяч человек. Каждый третий костанаец положил свою жизнь на алтарь Победы, судьбы около 16 тысяч наших земляков остались неизвестными.
Жители Сарыкольского района плечом к плечу ковали Великую Победу! В районе был создан фонд обороны, в который колхозы отчисляли сельхозхозяйственные продукты, жители приносили последнее из дома для бойцов Красной Армии.
Сегодня, в Сарыкольском районе проживает 2 ветеран-фронтовик, 62 труженика тыла. С чувством безмерной благодарности мы вновь и вновь преклоняем колени перед бессмертным подвигом. Из более 3500 сарыкольцев, воевавших на фронтах Отечественной, не вернулась домой их большая часть. Наши земляки – Беда Леонид Игнатьевич (дважды), Собко Максим Ильич, Амеличкин Сергей Георгиевич и Глушко Василий Семенович стали Героями Советского Союза.
Наша главная задача, задача будущих поколений – уважать и чтить наших дорогих ветеранов, тружеников тыла, ряды которых редеют из года в год. Ваш героизм будет в памяти всех, кто живет на этой земле.
Сегодня перед нами стоит важнейшая задача – сохранить стабильность и достижения. За 30 лет своей Независимости Казахстан идет по пути
устойчивого развития, проложенный Лидером Нации – Елбасы Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым.
Дорогие фронтовики, труженики тыла!
Низкий поклон Вам и всем кто внес свой бесценный вклад в дело Победы! Спасибо вам за стойкость и отвагу, мужество и силу духа, за бессмертный подвиг и Великую Победу!
Ваше мужество, стойкость, трудолюбие, ваш патриотизм – достойный пример для нынешней молодежи.
Желаю Вам долгих лет жизни, здоровья, счастья, дальнейшего процветания нашей Республике, мира и согласия в каждой семье.
С Днем Великой Победы!
Аким района Амантай БАЛГАРИН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31