Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Балғарин: «Алдымызда атқарылар жұмыс көп»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған ЖолдауындаҚазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келе жатқандығына тоқталды.

– Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.

Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғарыдеңгейге жеткізуге болады.

Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек» – деді Мемлекет басшысы.

Ағымдағы жылдың 8 айының көрсеткіші бойынша Сарыкөл ауданының  әлеуметтік-экономикалық жағдайыжайында аудан әкімі Амантай Балғаринмен сұхбаттасқан едік.

-Амантай Кәкімбекұлы, басты саланың жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Бастысала – ауыл шаруашылығы.Биылғы жылы 327 мың гектар жерге дән себілді. Соның ішінде дәнді дақылдар – 272 мың га, майлы дақылдар – 50 мың га,  ал, қалғаны – суармалы дақыл.

Бүгінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан өңірдің диқандары, аграрлық саладағы азаматтарөздерінің тәжірибесінің, технологиялық жетістіктерінің арқасында орташа есеппен гектарына 12 центнерден өнім алып отыр. Бұл жерде – «Өтемісов», «Сатаев», «Нұр-Айгер-СК», «Мелитопольское» сияқты ірі шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің және басқада шағын кәсіпкерлердің тигізіп отқан пайдасы зор.

Өткен аптаның соңғы күнінде 224,5 мың га (82,3%) дәнді және бұршақ дақылдары орылып, 262,8 мың тонна астық бастырылды.

Жалпы, ағымдағы жылы егін жинауға өңірде 570 комбайн, оның ішінде 260 өнімділігі жоғары комбайн қатысуда. Сондай-ақ, 550 трактор, 205 дана самосвал, 150 жүк көлігі, 785 трактор тіркемесі және басқа да техника жұмылдырылған.

-Сарыкөлдің жері қандай? Диқандар неге мән беруі керек?

-Сарыкөл жері өте құнарлы, бос жер аз. Сондықтан, біз, мал шаруашылығынан гөрі егіндік жерге көп мән береміз. Диқандардың еңбегі техникаларын жаңғыртудың арқасында ілгерлеуде. Олар сапалы тұқыммен жұмыс істейді. Жаңғырту мен астық сақтау қоймасы бұл саланың өңгені, дамуының бір көрсеткіші.

Қәзір, «Мелитопольское» ЖШС-гі мен Тимирязев ауылындағы 4-5 шаруа қожалығы жаңадан астық сақтау қоймаларын салып жатыр.Өздері себеді, өздері жинайды, өздері сақтайды. Сұранысқа сай, бәрін дер кезінде істейді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ауыл шаруашылық саласына көп мән беріліп, қаражат құйылып отыр. Соны пайдаланып, аграрлық өңдеу саласын дамыту мақсатында біздің «Тищенко» және «Новва» ЖК өздерінің кәсіптерін жоғары деңгейге көтеріп, жаңғыртып, жаңадан құрал-жабдық алып, сапасы жоғарыөнім шығарып жатыр.

Біз, әрі қарай да Мемлекет басшысы Жолдауында айтқан міндеттерді басшылыққа алып, ауыл шаруашылық саласын дамыту, көтеру  мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз.

-Әлеуметтік саланының әлеуеті қалай?

Жыл сайын әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2019 жылы Еңбек өнімділігі және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 123,2 млн.теңге бөлінді.  25 өтінім бойынша 75,1 млн.теңге игерілді.

Бүгінгі таңда 21,1 миллион теңгеге 4 өтінім қаралуда. Даму балансы 27 миллион теңгені құрайды, оның ішінде 20,3 миллион теңгеге 6 әлеуетті қатысушы бар.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары бойынша шамамен 575 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.2019  жылдың 1 қыркүйегіне дейін 361 жаңа жұмыс орыны құрылса, оның 185-і тұрақты және 176-ы уақытша, оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында іске асырылатын жобалар бойынша  жұмыс орны – 14.

Ал, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 106 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен 58 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 20,2 млн. теңге. Сондай-ақ, Ұлттық қордан 27,8 млн теңге.

Биыл өңірдің әлеуметтік саласындағы бір ерекшелік – Меңдеке батыр ескерткішінің салынуы. Бұл алдымен, аңызға айналған баба ұрпақтарының үндеу жасап, қолдау көрсетуінің арқасында орындалып отыр. Сонымен қатар, халықтың жақсылығы, түсінгендігі, соған бір адамдай  қолдау жасауы, тіпті, жеке қожалықтар, жеке кәсіпкерлер, әр саланың азаматтары, ардагерлер және жалпы халықтың ықыласымен, көмегімен жасалған жұмыс. Бүгінде Сарыкөлдің орталығындағы зәулім ескерткіш әдемі орынға айналды. Көркемдік немесе патриоттық жағынан алып қарасақ та, біздің тарихымызды білу ретінде сондай бір әдемі нысан болып тұр.

Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті биліктің басшылығымен жасалған бұл дүние жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады.  Әсіресе, оның ашылу сәтінде жер-жерден қонақтар келіп, баба мерейін, аудан абыройын асырды.

Ауданда жаз бойы «Таза бейсенбі» ұйымдастырылды. Тек мемлекеттік қызметкерлер емес, бүкіл саладағылар және жергілікті әкімшіліктер жеті сайын  көшеге  тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоқысты шығаруға көлігі барлар, ауыл кәсіпкерлері қол ұшын созды. Жеке қожалықтар да  тартылды. Сонымен қатар, көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары өтті. Ал, қоғамдық жұмысшылар болса, жаз бойы көшедегішөптерді тазалаумен айналысты.

-Көлік инфрақұрылымын дамыту кенжелеп қалып жатқан жоқ па?

-Бүгінгі таңда бұл саладағы жұмыстар ілгері басуда. Тәгіл-Комсомолауылдық округтері арқылы өтетін облыстық Тәгіл-Қоскөл теміржолында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Екі жылдық келісім бойынша жобаның құны – 268,7 миллион теңгені құрады. Жол учаскесін жөндеу ұзындығы – 35 шақырымды құрайды.

Елбасының «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында Сарыкөл кентіндегі Мендеке батыр көшесінің  жолына 48,1 млн.теңгеге орташа жөндеу, Ново-Урицк орта мектебіне 123,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бұл арнайы жоба барысында бүгінгі күні  мемлекеттік тілде оқытатын Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр (құны – 138,7 млн.теңге). Бұдан бөлек, Сарыкөл кентіндегі  өнер мектебі ғимаратына (құны 10,1 млн. теңгеге) және Сарыкөл орталық аудандық ауруханасына (құны – 62,3 млн.теңгеге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Мінеки, осы мемлекеттік бағдарламаның арқасында ескі ғимараттар жаңарып, білім, өнер, денсаулық саласына оң әсерін тигізбек.

-Білім беру және денсаулық сақтау саласықалай дамып жатыр?

-Бүгінгі таңда аудан бойынша 22 мектеп бар, оның 15-і орта, 3-і негізгі және 4-і бастауыш мектептер. Барлық мектептеркомпьютерлендірілген және интернетке қосылған.

Айталық,  2018-2019 оқу жылы Урицкий мектеп-лицейіоқу сапасы жағынан үздік атанды. Мұнда ағымдағы жылы кадет сыныптары ашылуда.

Ал, денсаулық сақтау саласына келсек, аудан халқына медициналық көмекті 1 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 17 медициналық пункт, 50 төсектік аурухана және емхана (аудан тұрғындарына жедел, шұғыл, стационарлық, амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді) ұсынады.Қызметкерлер құрамы 24 дәрігерден, орташа медициналық персоналдан – 100 адамнан тұрады.

Ағымдағы жылы ауданға 6 дәрігер келіп (3 терапевт, 1 хирург, 2 жалпы тәжірибелік дәрігер), оларға ведомстволық және жалдамалы тұрғын үй берілді.

-Биыл – Жастар жылы. Қандай бастамалар жүзеге асырылды?

-Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны – 4982 адам. Ағымдағы жылғы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру5 млн 291 мың теңгені құрады, оның ішінде 1080 000 теңге іс-шараларға арналған.

Жастар жылын өткізу мақсатында45 іс-шарадан тұратын Жол картасы бекітілді. Іске асырылу барысында авто дыбыс жазу халықаралық байқауы (150 адам қатысты), ауыл жастарының форумы (60 адам),  жастар күні, аймақтық туристік слет, еріктілік, көшбасшылық және басқа тақырыптар бойынша пікірсайыс ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, «Мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсету»,«Спорт клубының ашылуы», «Әлеуметтік бутик», «Инспекторларжастармен жұмыс туралы» және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау аясында түрлі іс-шаралар өткізілді. Өңір жастары «Жасыл ел» бағдарламасына (қаржыландыру көлемі – 3083000 теңге) қатысты. Ал, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға 9 жас маман келді. Олардың әрқайсысы 168 350 теңге көлемінде көтермеақы және бесеуі 3 607 500 теңге мөлшерінде бюджеттік несиеге үй сатып алды.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл жұмыстар қалай жүргізілуде?

-Бүгінде Златоуст ауылдық округінде су құбыры желісінің жұмысы аяқталуға жақын қалды. Өткен бейсенбіде арнайы барып, бақылап қайттым. Бұл жерде жұмыс басталғаннан бері 27 шақырым құбыр төселген. 500 текше метрлік 2 резеруар орнатылған. Насос станциясы, КПП салынып, аумақ қоршалған. Ток өткізілген.Бұл жұмыспен 20 жылдық тәжірибесі бар мердігер компания «Инсект» ЖШС айналысуда.

Бұған республикалық және облыстық бюджеттен 648,5 млн. теңге бөлінген. Жобаны қаржыландыруға 2018 жылы 500 млн.теңге, ал, ағымдағы жылы 148,5 млн.теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Сарыкөл ауданында қәзір келесі жылға екі жоба әзірленіп жатыр. Яғни, Сорочин, Севастопол ауылына су өткізу жоспарланса, болашағы бар Қара-Оба, Крылов ауылдары да сол жобаға кіріп отыр. Өткен жылы жергілікті биліктің күшімен аудандық бюджеттен үнемделген қаржыға Соналының шетіне келіп тұрған су ауылдың ортасына дейін жеткізілді. Сондай-ақ, Лесной, Веселый-Подол және Маяк ауылының екі-үш көшесінің тұрғындарына су өткізілді.

-Қандай жоспарларыңыз бар?

-Алдымызда жоспар да, жұмыс та көп. Соның ішінде біздің мақсат «Ауылым – алтын бесігім» жобасын әрі қарай  пайдаланып, басқа да бағдарламаларды қолданып, Сарыкөл ауданы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Әр ауылдың кіреберіс жолын дұрыстап алу, болашақта ішкі көшелерін жөндеуге дейін жетуіміз керек. Бұдан бөлек, жылына кем дегенде екі мектепке күрделі жөңдеу жұмыстарын жасауымыз қажет. Өңірге Лихачев, Новоишим жақтан су тарту жұмыстарын әрі қарай жалғастыра беретін боламыз.

Ең басты айта кетерлік жәйт, алдағы жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өңірдегі Абай көшесінің жолын жөндеп, абаттандыру жұмыстарымен айналысуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, 4-5 көшенің жолын жөндеуге ақша бөлініп отыр.

– Олай болса, Мемлекет басшысының, облыс әкімінің тапсырмасын басты ұстаным ретінде қолға алған Сарыкөл ауданы әрі қарай да дамып, әлеуметтік-экономикалық саласыодан әрі жақсара береді деп сенеміз. Жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілейміз! Сарыкөл ауданы гүлдене берсін! Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сәкенге арналған сайыс

Дәстүрлі дода өз жалғасын тапты (далее…)

12 часов ago

Как журналист Костанай Медиа рыбу ловила. Репортаж из Сарыколя

Удивительное время года весна. Едва сошёл снег с полей и растаял лёд на водоёмах, а…

3 дня ago

Сарыкөл ауданында сотталғандар арасында жарыс өтті

Олар спорттық жаттығу жасаудан сынға түсті (далее…)

1 неделя ago

Сарыкөл ауданында “Жасыл аймақ” апталығы басталды

Бұл "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. (далее…)

1 неделя ago

Закрыто движение для транспорта на участке в Сарыкольском районе

На территории Костанайской области в районе п.Севастополь Сарыкольского района с 18:15 часов 23 апреля 2024…

1 неделя ago

Сарыкөлдік Лаура Әлмағанбетова Азия біріншілігінде үшінші орынға ие болды

Қырғыз елінің астанасы Бішкекте күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында 57 келіде сынға түскен Лаура Әлмағанбетова…

2 недели ago

This website uses cookies.