
Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының ішкі жолдары жаңарды
Ауылды дамыту – бүгінгі күннің басты мақсаты
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша Сарыкөл ауданында ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Облыс әкімінің тапсырмасын басымдыққа алған аудан басшысы ауылдарды ақырындап дамыта түсуді бүгінгі күннің басты күн тәртібіне қойған. Айталық, биыл Златоуст ауылынының жеті көшесінің жолына асфальт төселді. Бәрінен де бұл жергілікті тұрғындар үшін үлкен жаңалық, қуаныш болды. Бұдан бөлек тазалық жұмыстарына да ден қойылып, ауыл іші күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, жол бойындағы аркалардың қисайып тұрғандары түзетіліп, сырланып, жаңарып қалды. Бұл жұмыстарды әкімдік қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмыла атқаруда.
-Ауылымыз ақырындап ажарланып келеді. Міне, биыл жеті көшеге асфальт төселді. Жаңа жол жамылғысы ауылдың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, әсіресе ауа-райының қолайсыз күндері қозғалыс қауіпсіздігін арттырады, – дейді ауыл тұрғыны.
Жалпы, облыстық басшылықтың қолдауы мен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының арқасында ауыл тұрғындары бүгінгі күні күнделікті өмірде нақты өзгерістерді сезінуде. Әрімен қарай сумен жабдықтау, жарықтандыру жүйелерін жаңғырту және ауылдық жерлердің қоғамдық аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасып, ауылдарды дамыту бойынша жұмыстар күн тәртібінен түспек емес.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31