Депутаттар іссапармен Сарыкөл ауданында болды
Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қостанай облысы бойынша жаңадан сайланған депутаты Бибігүл Аққожина келді
Олар аудан әкімі Амантай Балғаринмен бірге ауданның әлеуметтік, өндірістік нысандарында болып, сала қызметкерлерімен және аудан активімен кездесті. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Алдымен олар аудандық орталық ауруханаға барып, аурухана басшысы аурухананың материалдық-техникалық жабдықталу динамикасы және кәсіпорынның қаржы-экономикалық секторының тұрақтылығы туралы баяндады. Баяндама барысында еңбекақының кешіктірілмеуіне, санаттар үшін оның ішінде мерзімі өткен санаттарға қатысты тұрақты төлемдер жүргізу барысына басты назар аударылды.
Аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын бастау мәселесі талқыланды.
Биылдан бастап Сарыкөл ауандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл көптен күткен қуаныш. Мәселенің өзектілігі аурухананың көптеген жылдар бойы судың ішінде тұруында. Дренаж жүйесі бұзылған, жертөлелер суға толы, бірінші қабат дымқыл, суық.
Науқастар тек жоғары қабатта ғана ем қабылдай алады.
Ауруханадағы тағы бір жаңалық жаз айынан бері жас басшы басқарып келеді. Ол Санкт-Петербург медициналық университетінің түлегі. Жас басшы Жандос Демеевтің көптеген жоспарлары бар, олардың біразын орындап та үлгірген. Айталық, аурухана кредиторлық берешегі жойылды, функционалды төсек-орынмен жабдықталды, медициналық құрал-жабдықтар жаңартыла бастады.
Эндовидеохирургия, диагностика және басқа да бағыттарды дамыту жоспарда бар.
– Биыл заң шығару жұмыстары тұрғысында дәрігерлер үшін бірнеше маңызды өзгерістер күтілуде. Кәсіби қорғау туралы заң жобасы бойынша жұмыс аяқталуға жақын (кейбір іргелі тармақтар бойынша әлі де күрес бар), ауылдық жерлердегі жас дәрігерлерге төленетін жәрдемақы ұлғаюы керек, депутаттар медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыруға байланысты бірқатар өзгерістерге бастамашылық етті, – деді депутат Екатерина Смышляева.
Сонымен қатар, депутаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Сарыкөл филиалына соқты. Ондағы қызметкерлермен бірнеше апта бұрын қол қойылған «Мемлекеттік корпорациялар туралы» заң талқыланды. Ондағы өзгерістер ауылдық жерлер үшін өзекті мәселелерді шешу үшін оңтайлы болмақ. Дәл осы Заңмен Қазақстан азаматтары үшін саусақ ізін тіркеу міндетті түрде ерікті болды. Бүгінде Сарыкөл ауданында саусақ ізін алу процедурасын жүргізетін заманауи қондырғылар орнатылған.
Сонымен қатар, депутаттар «Amanat» партиясы Сарыкөл аудандық филиалында әйелдер қанатының мүшелерімен кездесті. Тұрғындарды толғандырған сауалдарына жауап берді. Одан әрімен халық қалаулыларының сапары Маяк ауылында жалғасты.
Руслан Әлкеев
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31