Ардақты ұстаз Маржанкүл Қайыркенқызының қажырлы еңбегі қашанда бағалы
Оны біздер біліп те, көріп те жүрміз. Бірақ, бұл жолғысы бұрынғылардан өзгерек.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған онлайн байқауда дарынды балаларды жігерлендіруге белсенділік танытып, жас ұрпақты өнерге, шәкірттерінің бойына еңбекқорлық қасиетті дарыту жолында ерінбей еңбек еткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Бұл байқауды «Қазақстан таланттары өнер-білім дамыту орталығы» ұйымдастырған болатын.
Сарыкөл ауданы атынан қатысқан шәкірті Райхан Болат (ағасы Нағашыбай Ыбыраймен бірге ән шырқады) балалар және жастар байқауында «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
– Бұл байқауға республиканың түкпір- түкпірінен 850-ден астам үміткер қатысты. Соның ішінде отбасылық дуэт, трио, ансамбль жанры бойынша 200-ге жуық орындаушы болды. Байқаудың мақсаты ақиық ақын Мұқағали Мақатаев салып кеткен сара жолын жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау және жас таланттың мүмкіншілігіне жол ашу, -дейді ұйымдастырушылар.
Айта кеткен жөн,Маржанкүл Тайжанованың жетістігі мұнымен шектелмейді. Жыл сайын бәйгеге қосқан шәкірттері жүлдесіз қайтқан емес. Кәсіби маманның өзі де марапаттан кенде емес. Айталық, өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Білім министрінің алғысына ие болды. Жалпы, өзі Алғыс хатқа, ал шәкірті дипломға ие болып жатқан марапат иелерін осынау жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31