6-қазанда Nur Otan партиясы Сарыкөл аудандық филиалында праймеризге қатысушыларды марапаттау жиыны өтті
Онда аудан әкімі, партия төрағасы Амантай Балғарин сөз алып, саяси дода барысында сынға түскендерге алғыс айтып, біраз жұмыс жасалғанын атап өтті
Сонымен қатар, Амантай Кәкімбекұлы Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетовтың атынан партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқан үміткерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
«Праймеризге қатысу арқылы Сіз бастамашылдық пен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсеттіңіз. Осы саяси дода барысында жинаған тәжірибеңіз бен білікттілігіңіз келешекте кәсіби маман ретінде Сіздің бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіңізге сеп болады деп сенемін» – делінген Алғыс хатта.
Айта кеткен жөн, бұл праймериз Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткізіліп отыр.
Сарман АЛДИЯР
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31